Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вильнюс Университетінің (Литва) профессоры Вайва Хендриксонның ҚММУ-ге сапары

Вильнюс Университетінің (Литва) профессоры Вайва Хендриксонның ҚММУ-ге сапары

28 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 25 қыркүйегінде Вильнюс Университетінің (Литва) профессоры, ҚММУ құрметті профессоры Вайва Хендриксон ханым академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚММУ-ге келді. Профессор 2017 жылдың 25 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында физиология кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 2, 3 - курс студенттеріне дәріс беретін болады. 

Сонымен қатар, Вайва Хендриксонның сапары барысында 2017 жылдың қазан айының 2 мен 3 аралығында ҚММУ-де медициналық білім беру бойынша өтетін «Mедициналық білім беруді интернационалдандыру» IV Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы жоспарланып отыр. Вайва Хэндриксон «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» сессиясына «Challenges in Studies Internationalisation: Five Years of Experience at the Faculty of Medicine of Vilnius University» баяндамасымен қатысады. 


0
6203

пікірлер

пікір қалдыру үшін.