Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алло, біз таланттыларды іздейміз!

Алло, біз таланттыларды іздейміз!

15 Қыркүйек 2017

9 қыркүйекте, Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім ҚММУ акт залында «Алло, біз дарындыларды іздейміз» жас дарындар дәстүрлі байқау-конкурсын өткізді.

Іс-шараны өткізудегі басты мақсат - әр студентке қызығушылығы бойынша үйірмелерді тауып беруге көмектесу.

Ұсынылған ұжымдардың саны, әдеттегідей, алуан түрлілігімен қуантты: «Golden step» би театры, «Этюд» шоу-балеті, «Қаракөз» шығыс билері халық ансамблі, «Намыс» және «INSIGHT» пікірталас клубтары, «KazMSA» Қазақстан медицина жастарының қауымдастығы, Бастамашыл студенттер клубы, Хор ұжымы, Домбыра оркестрі, КТК командасының қазақ және орыс лигалары,  «Жыр жауһар» авторлық-поэзиялық клубы, «Жұлдыз» жастардың денсаулық орталығы , «KazMSA» Қазақстан медицина жастарының қауымдастығы, Театрлық өнер үйірмесі, Бейнелеу өнері үйірмесі, Вокал үйірмесі, «Yes Team» заманауи билер ұжымы, «Конферансье» үйірмесі, «KSMU-Life» жас журналистер клубы және «Ақжүніс» қыздар клубы.

Бұл күні ҚММУ акт залында көптеген дарынды балалар жиналды.

Бірінші курс студенттері көрермендердің қошаметімен ән салды, музыкалық аспаптарды ойнады, қойылымдар қойды және би биледі. Конкурс көпшілігіне жай ғана сахнаға шығуға өз мүмкіншіліктерін сынап көруге мүмкіндік берді. Іс-шара барысында шығармашыл ұжымдардың жетекшілері жиналғандарды өздерінің үйірмелері және клубтарының жұмысы туралы қысқаша айтып берді, сонымен қатар, таңдалған бағыт бойынша  суреттелген көрнекі таныстырылымды көрсетіп шықты.

Таныстырылым соңында студенттер тиісті дәрісханаларға барып, қызықтарған үйірменің қызметі  бойынша жеке сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Үйірмелерге жаңадан жазылған студенттерге, тынымсыз еңбектенуді және үнемі жетіліп отыруды тілегіміз келеді, шығармашыл ұжымдардың жетекшілері атынан  сіздерді өз саламызға үйретіп, қолдан келгенше күш салатынымызға уәде береміз.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
5554

пікірлер

пікір қалдыру үшін.