Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚДС, Б және Ф факультетінде «Білім күні»

ҚДС, Б және Ф факультетінде «Білім күні»

13 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 7 қыркүйек күні қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультетінің деканаты ҚММУ Акт залында «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Мейіргер ісі» және «Биология» мамандықтарының 1 - курс студенттеріне арнап «Білім күнін» өткізді. Құттықтау сөздерімен әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Молотов – Лучанский Вилен Борисович, оқу – әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор Риклефс Виктор Петрович және Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультетінің деканы Серик Бахтияр сөз алды.

Профессорлық – оқытушылық құрамы атынан нутрициология және жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі Терехин Сергей Петрович, биология кафедрасының доценті Бритько Валерий Владимирович өз тілектерін білдірді. Студенттер атынан «Самұрық» студенттер республикасының президенті Саматов Темирлан сөз сөйледі.   

Қоғамдық денсаулық сақтау,

биология және фармация

факультетінің деканаты 


0
6355

пікірлер

пікір қалдыру үшін.