Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“Мейірбикелер қуаты: Денсаулық сақтау саласын жаңғырту энергиясы”

“Мейірбикелер қуаты: Денсаулық сақтау саласын жаңғырту энергиясы”

31 Тамыз 2017

2017 жылдың 21 тамызында ЭКСПО-2017 Финляндия павильонында ҚММУ серіктесі JAMK Университеті тарапынан (Финляндия) ұйымдастырылған «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру. Мейірбикелер қуаты: Денсаулық сақтау саласын жаңғырту энергиясы» VIP-күні өтті.

Аталған іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Финляндияның Университеттері (JAMK Университеті, LAMK Университеті, HAMK Университеті,  Лахти Университеті), медициналық университеттер, колледждер және Қазақстанның тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара аясында келесі мәселелер талқыланды:

·  Қазақстандағы денсаулық сақтау және мейірбике ісі саласындағы білім беруде Қазақстан мен Финляндия арасындағы стратегиялық әріптестіктің болашағы.

·  Салауатты өмір салтын, Финляндияда мейірбике кәсіби мамандарының білімін жетілдірудің тиімді мейірбикелік шаралары.

·  Финляндиядағы мейірбике ісі ғылыми зерттеулерінің дамуы және басылымдар.

·  Қазақстандағы мейірбике ісі ғылымының болашағы мен мейірбикелік басшылықты дамыту.

·  Дүниежүзілік Банк жобасы – мейірбике ісін дамыту мүмкіндіктері: Қазақстандағы электронды медицинаны цифрлау болашағы.

2017 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Erasmus+  бағдарламасы аясында «ProInCaМейіргерлік іс саласындағы жоғары білім берудің инновациялық әлеуетін денсаулық сақтау жүйесін реформалау арқылы дамыту» жобасы бойынша грантын жеңіп алды, Финляндияның JAMK Университетіаталған жобамен грантқа өтініш беруші болып табылады. 


0
5693

пікірлер

пікір қалдыру үшін.