Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Германияның "Klinikum Frankfurt"(ODER) медицина орталығындағы академиялық ұтқырлық

Германияның "Klinikum Frankfurt"(ODER) медицина орталығындағы академиялық ұтқырлық

22 Тамыз 2017

2017 жылдың 26 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Германияның қазіргі таңдағы қарқынды дамып келе жатқан "Klinikum FRANKFURT" (ODER) медицина орталығында өткен тəжірибеге біз, "Жалпы медицина жəне стоматология" факультетінің үшінші курс студенттері Айтбек Самат, Мергазина Мадина жəне Сабыр Нұржан қатыстық. Біздің жетекшіміз университетімізге бірнеше рет келіп дәріс оқыған , онкологиялық аурулары бар науқастарға консультация жүргізген профессор, медицина ғылымдарының докторы Ульрих Битц болды.

Екі аптаның ішінде біз онкология, гематология, пневмология, травматология, офтальмология, гинекология, жалпы хирургия жəне нефрология салаларынан шетелдік əріптестеріміздің тəжірибесін бақыладық. Диагностикалық жəне терапевтік іс-шараларға қатысып, науқастардың физикалық тексеруін жүргіздік.

Бізді клиниканың ауқымдылығы, заманауи технологиялары, жұмыскерлердің ілтипаттылығы мен білімділігі таң қалдырды. Психологтардың (тіпті халатсыз) жоғары кəсіби білікті жұмысы, дəрігерлерге жасалған жағдайы  бізге қатты əсер етті. Емдеуші персоналдың, тіпті, науқастардың көңілі түскенін көргеніміз жоқ.

Осының арқасында құнды кəсіби тəжірибе жинадық жəне болашақта алған тәжірибемізді мемлекетіміздің медицина саласына пайдалануға үлкен мүмкіндік алдық .

Германиядағы медициналық орталықтан оқу-тəжірибесінен өтуімізге ықпал еткен университетіміздің ректоры Р.С.Досмағамбетоваға, халықаралық ынытымақтастық бөліміне, əсіресе, С.Б.Касымоваға  шексіз алғысымызды білдіреміз!


0
6532

пікірлер

пікір қалдыру үшін.