Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚММУ «TRANSITION TO AUTONOMY» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТЫ ЖЕҢІП АЛДЫ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚММУ «TRANSITION TO AUTONOMY» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТЫ ЖЕҢІП АЛДЫ!

10 Тамыз 2017

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

ҚММУ «TRANSITION TO AUTONOMY» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТЫ ЖЕҢІП АЛДЫ!

       

       Құрметті әріптестер! Сіздерге Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Халықаралық Эразмус+ бағдарламасы аясында «Transition to Autonomy» жобасы бойынша грантты жеңіп алғандығын қуана хабарлаймыз! ҚММУ аталған бағдарламаға өзінің жобасымен грантқа өтініш беруші болып табылады!

       Жобаның басты мақсаты – қазақстандық университеттердің басқару жүйесін Министрлік деңгейден автономдық деңгейге түрлендіру. Жоба Қазақстандағы университеттердің автономиясының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты жақсартуға жәрдемдеседі. 

      Жобаға қатысушы университеттер:

1.Лунд университеті, Швеция;

2.Instituto Nazionale per le Ricerche Cardiovascolari (INRC), Италия;

3.Ага Кхан университеті, Біріккен Корольдіктер;

4.Люблин университеті, Польша;

5.Савония қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия;

6.Еуропа университеттерінің Ассоциациясы;

7.Астана Медицина Университеті, Қазақстан;

8.М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Қазақстан;

9.Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан;

10. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақстан;

11. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан;

12. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі;

13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі;

14. Қазақстандық Медик Студенттердің Ассоциациясы.

Жобаның барлық қатысушыларын құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілегіміз келеді! 


0
6159

пікірлер

пікір қалдыру үшін.