Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар үйіне сапар

Балалар үйіне сапар

23 Мамыр 2017

18 мамырда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Жұлдыз» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, иммунология кафедрасының қолдауымен «Таңшолпан» облыстық балалар үйіне мерекелік концерттік бағдарламамен және сыйлықтармен барып қайтты.

Сапардың мақсаты – ата-анасыз қалған балаларға психологиялық  қолдау және ара қатынасты нығайту.

  Балалар үйінің трбиеленушілері қонақжай және жайдары, қонақтар арнайы экскурсия жасады, бітірушілердің және тәрбиеленушілердің жетістіктері туралы, үйдің ережесі және құрылуы туралы әңгімелеп берді. Балалар үйінде өздерінің дыбысжазу студиясы және жеке радиостанциясы бар.

Іс-шарада барлық қатысушылар жағымды әсерге бөленді.

  Николайчук Светлана

  3-060 ЖМ тобы


0
5840

пікірлер

пікір қалдыру үшін.