Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ардагерлерге алғыс

Ардагерлерге алғыс

31 Наурыз 2017

12 наурызда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім  Адам құқығы бойынша Жергілікті офицер Сағат Аяулымның жетекшілігімен KazMSA белсенділерімен бірлесе Қарағандының ардагерлер үйлерінде «Барлық армандар орындалады» қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты соғыс ардагерлеріне жас ұрпақ атынан алғыс айту.

ҰОС ардагерлерінің үйлеріне бару, тарихтағы ең алапат соғыста еліміздің бақытты болашағы үшін күрескен адамдармен бетпе - бет сөйлесу жеңімпаздарға деген үлкен құрмет белгісі болып табылады. Біз жердегі бақыт пен бейбітшілік қандай бағамен келгенін әрқашан есте сақтауымыз қажет.

Соғыс және тыл ардагерлеріне деген сый-құрмет – әрбір азаматтың ізгі борышы!


0
5676

пікірлер

пікір қалдыру үшін.