Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№1 ішкі аурулар кафедрасында 6 - курс білім алушыларының research – basedlearning

№1 ішкі аурулар кафедрасында 6 - курс білім алушыларының research – basedlearning

14 Наурыз 2017

2.03-3.03.2017 ж. №1 ішкі аурулар кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 6 - курс білім алушыларының  research – basedlearning принципі қолданыла отырып, ғылыми жобаларды қорғауы өтті. Ғылыми жобаның жауапты кеңес берушілері болған кафедра оқытушылары: м.ғ.д., профессор Д. Ж. Тайжанова, Ә.С. Төлеуова, Ж.А. Бейсенбекова, З.Б. Тауешева, З.К. Гусеинова,  А.М. Жусупова, С.О. Жексембаева, А.Е. Цай,  А.Т. Курманова, Р. Бодаубай, Д.Т. Тyремуратова, Ю.Л. Романюк, Н.В. Кузнецова, М.Р.Купербаева.

Кардиология, нефрология және пульмонология саласы бойынша өзекті және қызықты тақырыптар, сонымен қатар, терапиялық патологиялардың фармакологиясы және диагностикасы сұрақтары таңдалып, көрсетілді. Білім алушылар топпен жұмыс жасау қабілеті және зерттеу қорытындыларын көрсету және өңдеу, ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын көрсетті.

 Жұмыс соңында үздік жұмыстар анықталып, ғылыми жобаларды жетілдіру жөнінде және ғылыми конференциялар аясында баяндама жасау және мақалаларды өңдеуге қатысты ұсыныстар жасалды.

  Жүргізілген жұмыстар бойынша жауапты жетекшілерге және білім алушыларға алғыс білдіреміз. 

   Ю. Л. Романюк - RBL бойынша жауапты ассистент – машықтанушы.


0
5840

пікірлер

пікір қалдыру үшін.