Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әскери бөлімдегі концерт

Әскери бөлімдегі концерт

16 Ақпан 2017

6 ақпан күні Жастармен жұмыс бөлімі ҚММУ шығармашылық ұжымдарымен бірлесіп Спасск кентіндегі 36352 ә/б шұғыл қызметтегі әскери борышын өтеушілерге арналған мерекелік концерт өткізді.

Бағдарламада ҚММУ шығармашылық үйірме белсенділері дайындаған қазақстандық сазгерлердің туындылары, вокалдық және аспаптық нөмірлерімен қатар би және хор орындалды.

Мерекелік концертті «Адай» күйімен домбыра оркестірінің қатысушылары ашты. Кейінннен Т.Д.Поверникова бастаған хор ұжымы «Қазақстан» және «Мир на Земле» композицияларын орындады. «Қаракөз» шығыс билері халық ансамбілінінің мың бұралған бишілер тобы «Қара жорға» мен «Био кио» татар халық биі мен көрермендер көзайымына айналды. Шығармашылық кешті «Қазақ елі осындай» әнімен Сейфолла Есбол мен Марданова Мадина аяқтады.

Үйірме өнерпаздарының өнерлері мен таланттарына тәнті болған болған көрермендер концерт аяқталысымен концерт қатысушыларына алғыс хаттар табыстап, жиі келіп тұруларын өтінді. 


0
6410

пікірлер

пікір қалдыру үшін.