Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балаларға қуаныш сыйлаймыз

Балаларға қуаныш сыйлаймыз

11 Қаңтар 2017

Жаңа жыл қарсаңында  Интернатура  факультетінің СӨӨБК  өздерінің жаңа жылдық ертегілік қойылымымен «Ботагөз» балалар үйіне барып қайтты. Балаларға арналған қойылым «Бір, екі, үш – шырша жарқыра!» деген атаумен өткізілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері  Аяз Атаны (Койшыбаев Таир 7-009 тобының интерн-хирургі), Ақшақарды (Калимбетова Акерке 7-019 тобының интерн-терапевті) және келе жатқан Жаңа жылдың  символы – әтешті (Демеева Нурсауле – 7-001 тобының интерн – акушер-гинекологы) көргендеріне риза болды. Чернышенко Надежда 6-047 тобының интерн-терапевті «Ничего на свете лучше нету»   әнін гитараның сүйемелдеуімен ерекше орындап, балаларды қуанта түсті. Балақайлармен ән айтты, жұмбақ жасырып, шыршаны әсем әуендермен айналған белсенді интерндер:  Тайкенова Жулдыз 7-008 тобының интерн-хирургі, Байзаков Серик 7-009 тобының интерн-хирургі, Молдагулова Айжан 7-022 тобының интерн-терапевті, Дусмогомбетова Анар 7-076 тобының ЖДТ интерні. Сонымен қатар, балалар 7-033 тобының интерн-терапевті Абылканов Чингистің  Жаңа жылдық фотосессиясына қатысты.  

«Ботагөз» КММ балалар үйінің басшысы  біздің жұмысымызды бағалап, алғыс хатпен мадақтады.

Біз үшін ең басты марапат – балалардың бақытты жүздері, әрбір баланың жарқыраған күлкісі!  Интернатура  факультетінің СӨӨБК  балаларға  қуаныш сыйлап,  шетте қалмағандарға зор алғыстарын білдіреді!


0
6682

пікірлер

пікір қалдыру үшін.