Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жүректен жүрекке

Жүректен жүрекке

05 Қаңтар 2017

30 желтоқсанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Жұлдыз» Жастар  денсаулық орталығымен балалар үйінің балалары үшін жаңа жылдық ертеңгілік  ұйымдастырды.

  Іс-шараның қатысушылары балаларға жаңа жылдық ертегі көрсетті, шыршаны айналдырып, ән айтқызды, Аяз Атаға арнап үздік жаңа жылдық костюм және үздік би конкурсын өткізді. Мереке соңында балаларды дәстүрлі түрде  тәттілер тарату және естелікке фотоға түсіру сәті күтіп тұрды.

  Осындай сапарлар – өте қайырымды және тиімді іс. Балаларға шағын мереке ұйымдастыру, оларға көңіл бөлу, өзіңізбен бөлісу қиын емес. Ал балалар үйінде тұратын балалар үшін мұның маңызы өте зор.

  Е.Панферова (3-060 ЖМ)


0
6562

пікірлер

пікір қалдыру үшін.