Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұстаз-ұлы тұлға

Ұстаз-ұлы тұлға

04 Қаңтар 2017

Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде ұстаздың рөлі зор. Әсіресе, тек білім жағынан ғана емес, өмірлік рухани құндылықтарды шәкірттерінің бойына сіңіре білгенін ерекше айтып өтеміз. 

17.12.2016 ж. біз үшін ерекше күн болды. Ішкі аурулар пропедевтикасы пəнінен сабақ беретін Аширбекова Болатгүл Жузбаевнамен рухани құндылықтарды дәріптейтін Сəкен Сейфуллин атындағы драма театрға барып, Гамлет шығармасын көріп қайттық. 

Жалпы өте керемет әсер алып қайттық, бәрінен де алтын уақытымызды осындай рухани құндылықтарды дәріптейтін жерде өткізгенімізге өте қуаныштымыз! Бізді білім нәрімен сусындатып жүрген және де осындай керемет жерге бәрімізді шақырып, алып барғанына алғысымыз шексіз. 

Театрға барар алдындағы сезіммен шыққан кездегі әсерді салыстыруға да келмейді.Сабақтан бас алмай шаршап жүрген студенттерге естен кетпес тамаша демалыс сыйлағаны үшін Болатгүл Жүзбаевнаға алғысымыз шексіз! 

Ізгі ниетпен, 

3004 топ студенттері 


0
6663

пікірлер

пікір қалдыру үшін.