Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тандем сапарға шықты

Тандем сапарға шықты

30 Қараша 2016

Еуроодақ мемлекеттерінде барлық өз еркімен қалайтын адамдар үшін құзыреттілікке ие болуда дербестікке негізделген «Өмір бойы оқыту» (Болон процесі түсінігінде) аясындағы  бағдарламалар мен жобалар танымалдылыққа ие болып келе жатыр. 26 қараша күні орыс тілі кафедрасының ұйымдастыруымен  «Тандем» тілдерді оқытудың инновациялық әдісі аясында алғашқы кездесу өтті. «Тандем» әдісі алғашқы рет ХХ ғасырдың 60-жылдарында Еуропада пайда болған және 70-80 жылдарда қарқынды дамыды. Қазір ол шетел жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылады. Бұл тіл оқыту әдісі әр түрлі тіл тасымалдаушылардан жұп қалыптастыру және кейіннен олардың арасындағы тілдік алмасуды жүргізуге арналған.

Тілдік тандемге қатысушылардың мақсаты - өз серіктесінің  жеке өмірімен, сол мемлекеттің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысу арқылы, сонымен қатар, әр түрлі тақырыпқа құрылған әңгімелер барысында оның тілін үйрену болып табылады. Нақты тандемде  байланыс орнату бағыты кенеттен туындамайды, жұмыс қағаздарымен анықталған. Тандем - бұл, әсіресе, шетел бөлімдерінде оқитын студенттерге орыс тілін үйренуде үлкен қолдау болып табылады. Сонымен қатар, бұл ағылшын тілін үйреніп жатқандарға жақсы сөйлеу мәнерін қалыптастыруда үлкен көмек болып есептеледі.

Бірінші Тандемде студенттер «Менің отбасым» атты тақырыпқа әңгімелесті. Кейін қатысушылардың әрқайсысы өз әңгімелесушісінің отбасын таныстырды. Қатысушылар кездесуде  тілдік білімдерін тереңдетіп қана қоймай, бір-бірінің отбасылық салт-дәстүрі және мәдениеті туралы көптеген қызықты ақпараттар алды.

-Бізді осы кездесуге шақырған орыс тілі пәні оқытушыларына өз алғысымды білдіремін. Тандем-тілді оқып-үйренудегі өте қызықты әдіс болып табылады. Мен  Тандемге тұрақты түрде қуана қатысып отырамын,-дейді Хорион Шарма, «Жалпы медицина» мамандығының шетел бөлімінің 1-курс студенті.

Тандем тұрақты жұмыс істейтін болады. Барлық ынтасы бар, өз еркімен қалаушылар кездесуге сенбі күні №7 «Ердос» жатақханасының 101- оқу залына сағат 12:00-де келе алады. Сондай-ақ, Тандем ҚММУ қытай тілін білетін студенттерін, сонымен қатар, орыс тілінде еркін сөйлей алатын және қытай тілін меңгеріп жатқан студенттерді де шақырады.


0
6481

пікірлер

пікір қалдыру үшін.