Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ағылшын тілінде ауызекі сөйлесу клубының бірінше отырысы

Ағылшын тілінде ауызекі сөйлесу клубының бірінше отырысы

03 Қараша 2016

2016 ж. 29 жұлдызында  ағылшын тілінде ауызекі сөйлесу клубының алғашқы отырысы өтті. Отырыс тақырыбы:«Бірінші әсер».Отырысқа ҚММУ бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Отырыста келесі сұрақтар талқыланды: Бірінші әсерге сенуіміз керек пе? Бірінші әсер дұрыс па әлде бұрыс па? Неліктен бірінші әсер маңызды? Сіз адамдарды сырт келбетіне қарап бағалайсыз ба? Қалай жақсы бірінші әсер қалдыруға болады? Студенттер ақпаратты бейнероликтер көрсетілімдерінен соң сұрақтарға белсенді жауап берді. Отырыс қатысушылардың шет тілдерін меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға өз септігін тигізді.



0
6535

пікірлер

пікір қалдыру үшін.