Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Азаматтық қорғаныс бойынша жаттығу ҚММУ

Азаматтық қорғаныс бойынша жаттығу ҚММУ

29 Маусым 2016

ҚР ІІМ ТЖК нұсқауларына сәйкес және Қазақстан Республикасының әрекет етіп отырған заңнамасын басшылыққа ала отырып, АҚ және ТЖ саласында және 2015 жылдың 08 қазанында Қарағанды қаласының Әкімімен бекітілген жоспар негізінде 2016 жылдың 1-наурызында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде:

1.  «Зақымдаудың замануаи құралдарын пайдалану қауіпінің туындауымен және қарсыластық мүмкін болатын шабуылының жағдайында бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ҚММУ Азаматтық қорғанысын ауыстыру. Азаматтық қорғаныстың жалпы даярлығының шараларын орындау бойынша АҚ және ТЖ басшылығының, штабы мен қызметтерінің жұмысы» тақырыбындағы нысаналы жаттығу.

2.  Азаматтық қорғаныс бойынша «Өндірістік апат,катастрофалар, табиғи апат салдарын оқшаулау және жою мен диверсиялық-барлау тобының қызметі барысында АҚ құрылымдарының өзара әрекеті» тақырыбына арнайы тактикалық оқулар.

3.  Хабарландыру және жинау бойынша жаттығулар.

4.   Апатты жағдайлар бойынша жаттығулар жүргізілді.

АРНАЙЫ НАСАНАЛЫ ЖАТТЫҒУ МЕН ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ:

  1.  Басшылық және командалық-басқарушылық құрам үшін:

·  командалық-басқарушылық құрамға ТЖ салдарын жою және ДБТ әрекеті барасында АҚ құрылымдарын, АҚ және ТЖ қызметтері мен бағынысты құрылымдық бөлімдерді басқару тәжірибесін беру.

·  өндірістік апат, катастрофалар, табиғи апат жағдайында, ДБТ әрекеті уақытында ҚММУ-дың Азаматтық қорғанысын бейбіт жағдайдан әскери жағдайдаға көшіру кезіндегі жұмысын жетілдіру 

2.  АҚ құрылымдары мен АҚ және ТЖ қызметтері үшін:

·  ҚжәнеБШЖ орындауға даярлық, олардың өздерінің қызметтік міндеттерін  білу деңгейін тексеру;

·  АҚ және ТЖ іс-шараларын орындау әрекетін тәжірибе жүзінде істеу арқылы өз білімдерін жетілдіру.

3.  Оқытушылар, қызметкерлер, жұмыскерлер мен студенттер үшін:

·  оқу бағдарламасы бойынша алған білімдерін жағдайға байланысты тәжірибе жүзінде бекіту.

Оқыту жетекшісі: ҚММУ ректоры – ҚММУ Азаматтық қорғанысының бастығы, медицина ғылымдарының докторы,профессор  Р.С. Досмағамбетова

Арнай тактикалық оқуға:

-  ҚММУ-дың АҚ бастығының орынбасары;

-  факультет декандары – факультеттердің АҚ бастықтары, ЭЖД, ҒЗО, ОӘЖД, ПДО, кітапхана және жеке құрамы бар бөлімдер;

-  кафедра меңгерушілері қызметкерлерімен;

-  құрамы шаттық-қызметтік тізім мен ҚММУ АҚ бастығының 2015 жылғы 02 желтоқсанындағы  «2016 жылда ҚММУ-да АҚ ұйымдастыру және оны жүргізу» № 403 бұйрығына сәйкес АҚ құрылымдарының командирлері және факультеттердің АҚ құрылымдары;

-  ҚММУ-дың әскери кафедрасы: әскери кафедрасының бастығы қызметкерлерімен;

-  ЭЖД АҚ және ТЖ қызметінің бастығы мен ЭЖД АҚ және ТЖ қызметінің жеке құрамы:

а)  Апаттық-техникалық;

б)  өртке қарсы;

в)  байланыс;

г)  коменданттар;

д)  стоматологиялық клиника базасындағы және ҚММУ емханаларындағы медицина;

е)  гараждар базасындағытранспорттық қызметтер жұмылдырылды.

НЖ, АТО мен жаттығуларына ҚММУ ректоры, ҚММУ АҚ бастығы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.С.Досмағамбетова басшылық етті.

Хабарландыру және жинау бойынша, апаттық жағдайлар бойынша арнайы нысаналы жаттығу, тактикалық оқулар мен жаттығуларды ҚММУ АҚ штабының бастығы А.М.Зинин жүргізді.

Нысаналы жаттығуға және арнайы тактикалық оқуларға:

  - басқарушы құрам – 26 адам;

  - АҚ құрылымдарының командирлері – 26 адам;

  - құрылымдардың жеке құрамы – 266 адам;

   - АҚ құрылымдарының құрамына кірмейтін ПОҚ, жұмыскерлер, қызметкерлер мен студенттер – 250 адам;

  - АҚ құрылымдарының құрамына кірмейтін студенттер – 800 адам тартылды.

  Барлығы 1368 адам қатысты.

ҚММУ АҚ бастығы – ҚММУ ректоры қойған міндеттер толығымен орындалды.

Жалпы бағасы «жақсы».

Қорытынды: АҚ міндеттерін ҚММУ орындауға «Дайын».

 Оқуларға даярлық кезінде үйлестірілген қызметтерді дұрыс орындағаны, орынды бастамашылдықты, шығармашылықты және іждағат көрсеткені, оқуларды жүргізу барысында өздерінің бағынысты  бөлімдерін шебер басқарғандары үшін марапатталды:

- мақтау қағазымен 28 қызметкер;

- алғыс 34 қызметкерге жарияланды. 


0
8169

пікірлер

пікір қалдыру үшін.