Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Айбын» отансүйгіштікке тәрбиелейді

«Айбын» отансүйгіштікке тәрбиелейді

28 Маусым 2016

2016 жылдың  13-18 маусымы аралығында Қарағанды облысында еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Айбын» II Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны болып өтті.

Маусымның 14 күні Спасск кентінің аумағында орналасқан шатырлы лагерьде – әскери мектеп-интернаттың, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, жоғары оқу орны әскери кафедраларының студенттері, барлығы 800-ден астам адам жиналды. Олар апта бойы дене күші мен төзімділіктерін, парасат-пайымдары мен теориялық білімдерін сынайтын сынақтардан өтті.

Жиынның салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысушыларға: «Бүгін Қазақстан армиясы еліміздің тәуелсіздігі мен халқын қорғауға барлық жағынан дайын. Өзінің даму барысында ол қоғам алдындағы беделін арттырып, отансүйгіштік, тұтастық пен жауынгерлік рухты тәрбиелеудің нағыз мектебі атану құқығына ие болды. Еліміздің басшылығы тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің барған  сайын мықты, әрі күшті болуына бар жағдайды жасап келеді. Әскери кәсіп талап етілетін және беделді мамандықтың бірі болып отыр. Бүгін бізді жастардың өз өмірлерін әскермен байланыстыру құлшыныстары ерекше қуантып отыр. Сіздерге жарыста сәттілік, рух сергектігін, адал және қажырлы күресте жеңіске деген үміттеріңізді жоғалтпауды тілеймін. Жиын барысында білім мен машықтарды меңгеруге тілектеспін, ал өз өмірін әскери қызметші мамандығымен байланыстырғысы келгендерді жоғары оқу орындарынан көрейік» деген тілек білдірді.

Алғашқы сынақ дене күші мен төзімділік, дәлдік пен ептілік нормативтерін тапсыру болды. ҚММУ командасы кермеде күштік жаттығуларды орындады. Сонан соң команда автоматты шашып-жинаудағы ептіліктерін, атап айтқанда, 3- курс студенті Салимжан Жакупов жақсы нәтиже көрсетті. Кейіннен газқағар мен плащь түріндегі жалпыәскери қорғаныс жиынтығын  кию бойынша жалпы есепте 3-орын алған 4-курс студенті Александр Макаров ерекшеленді.

Есте қаларлығы, биылғы жылдан бастап «Айбын» жиынында алғаш рет медициналық жоғары оқу орындарының арасында медициналық эстафета өткізілетін болады. Бұл бағыт бойынша 6 медициналық жоғары оқу орны қатысты. ҚММУ командасы бұл жарыста өз шеберліктерін, машықтарын, кәсіби білімдерін көрсетіп, қарсылас командадан уақыт бойынша 1 ұпайға ұтылып, жүлделі 2-ші орынға ие болды. Әскери-медициналық эстафедада 6 медициналық жоғары оқу орны үздіктерінің арасында 3-курс студенті Алуа Кенесованың есімі аталды. 

 Бұдан басқа, лагерь аймағында нағыз көрме алаңы жайылды. Бұл қатысушылардың робот-техника бойынша өз жаңашылдық идеяларын ұсынған «Менің роботым» атты туындылар байқауы болды. «Менің роботым» байқауында ҚММУ әскери кафедрасының 3-курс студенті Ивачёв Павел дипломмен марапатталды.

Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті. Қазақстан әскері қатарында қызмет ету – бұл үлкен жауапкершілік пен күнделікті жан-тәнімен берілуді, ақыл-ой мен дене күшін  талап ететін еңбек. Өйткені, әскер әрқашан да дене мен рухты шыңдайды.

 «Жалпыәскери дайындық» пәнінің оқытушысы

запастағыподполковник  Ш.Бабаев 


0
8015

пікірлер

пікір қалдыру үшін.