Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Футбол маусымы аяқталды

Футбол маусымы аяқталды

25 Мамыр 2016

2014 жылдан бері ҚММУ спорттық клубы өткізіп келе жатқан VIII футболдан университет біріншілігінің ойындары соңына келіп жетті. Университеттік командалардың ойындары Ерубаев көш, 32 мекен-жайында орналасқан спорттық кешенде өтті.

  Алғашқы маусымнан бастап футболдан университеттік бірішілік қатысушыларының белсенділігі ұйымдастырушыларды қуанта бастады. Оқу жылы барысында әрбір сенбі және жексенбі күндері 100-120 студент футболдан ҚММУ чемпиондары атағына ие болу үшін күреседі.

  Қазіргі кезде жоба қатаң регламенті, тұрақты қатысушыкомандалары, икемді күнтізбесі және жоғары деңгейдегі қатысушылары бар толыққанды студенттік лиганы білдіреді.

  VIII Чемпионат университет жатақханаларында тұратын студенттерден құралған 11 студенттік команданы жинады.  Бүкіл маусым бойы турнир өз жанкүйерлерін голдармен, әсерлі бәсекемен және шиеленіске толы ойынымен қуантты. Осылайша соңғы айналымға дейін кімнің жеңімпаз екені белгісіз болды, 4 команда да бұл атаққа үміттенді.

Тек соңғы ойында 6:5 есебімен «3 - жатақхана» командасын жеңіп (капитан Ерсін Әбдіхамитов), «2 - пәтершілер» командасы (капитан Андрей Бондарев) лайықты чемпион титулын алды. 

  - Футболдан университет біріншілігін ұйымдастыра отырып, біз студенттер үшін спортты өмір сүру салтына айналдыруға, олардың арасында достық және өзара көмек сезімдерін, алдына қойған мақсаттарына жетуге ынта мен талапты  тәрбиелеуге тырысамыз, - деп қатысушыларға сөзінде спорттық клубтың басшысы Ф.А. Батиров айтып өтті.

   - Футболдан ҚММУ чемпионаты – бұл әрқашан жоғары эмоциялар. Қиын оқу жылына қарамастан, жаттығуға және жарыстарға қатысуға уақыт табатын студенттердің шын қуанышын көрген кезде осындай чемпионаттарды өткізуге жаңа күш табылады. Біздің студенттер күтетін сегізінші чемпионат нағыз спорттық мереке болғанына қуанамын! –деп біріншілікті қорытындылады, бас төреші А.К.Тухметов.

 

ҚММУ VIIIЧемпионатының қорытынды кестесі.  09.04 – 22.05.16.

  командалар

  о

  ұ

  т/о

  ж

  доптар

ұпайлар

1

2 - пәтершілер

  10

  8

  1

  1

  76 - 36

  25

2

4 - пәтершілер

  10

  7

  1

  2

  59 – 30

  22

3

1 - пәтершілер

  10

  6

  2

  2

107 - 48

  20

4

6 - жатақхана

  10

  6

  2

  2

  76 – 41

  20

5

3 - пәтершілер

  10

  6

  1

  3

  66 - 51

  19

6

5 - пәтершілер

  10

  5

  1

  4

  70 – 51

  16

7

3 - жатақхана

  10

  4

  0

  6

  83 - 54

  12

8

2 - жатақхана

  10

  4

  0

  6

  38 - 67

  12

9

1 - жатақхана

  10

  2

  1

  7

  44 – 93

  7

10

7 - жатақхана

  10

  2

  0

  8

  42 – 89

  6

11

6 - пәтершілер

  10

  0

  1

  9

 32 – 123

  1

Жүлделі орындарға ие болған командалардың барлық ойыншылары естелік сыйлықтар алды.

 Турнир қорытындысы бойынша чемпионаттың символдық құрамасы анықталды:

Үздік қақпашы: Азатбеков Азиз (4 - пәтершілер)

Үздік қорғаушы: Касымов Азамат (2 - пәтершілер)

Үздік шабуылшы: Сейіл Біржан (6 - жатақхана)

Үздік ойыншылар: Абдижаббаров Шахзод (4 - пәтершілер) және

  Гинаятов Рахман (3 - пәтершілер)

Сонымен қатар қатысушыларды ынталандыру үшін қосымша номинациялар енгізілді:

«Ең тиімді ойыншы» - Темирбаев Даниар (1 - пәтершілер)

«Ең тәсілді ойыншы» -  Жүнісов Өмірхан (4 - пәтершілер)

«Турнир жаңалығы» - Ермекбаев Иса (5 - пәтершілер)

    Номинация иегерлері де құнды сыйлықтармен марапатталды.

   

  ҚММУ спорттық клубы


0
8486

пікірлер

пікір қалдыру үшін.