Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алғашқы қойылым

Алғашқы қойылым

12 Мамыр 2016

28 сәуірде университет сахнасында  театр өнері үйірмесі қатысушыларының орындауында Л. Филатовтың  «Үш апельсинге деген махаббат» пьессасы бойынша спектакльдің алғашқы қойылымы болып өтті.

  Апельсин несімен тамаша? Барлығымен! Әдемі түсімен, мінсіз пішінімен, ғажайып дәмі және жұпар иісімен!  Қаласаң – сүйсін, қаласаң – же, қалай алсаң да – барлық жағынан рақаттанасың! Мүмкін, сондықтан да итальяндық жазушы және драматург Карло Гоццидің (1720–1806) атақты ертегісінің тартымды желісі үш апельсиннің төңірегінде өрбиді.

  Гоцци Карло Гольдонимен бәс тігу арқылы пьесаны жазған деген де аңыз бар. Гоцци театр үшін қарапайым сюжетті жазып шығатындығына, және бұл пьеса үлкен жетістікке жететіндігіне сендірді. Осылай «Үш апельсинге деген махаббат» пьеса-ертегісі, онымен бірге жаңа жанр - фьяба дүниеге келді. 1997 жылы Гоцци ертегісінің желісімен актер және ақын  Леонид Филатов «Үш апельсинге деген махаббат» пьесасын орыс тілінде жазды. Филатовтың шығармасында Гоццидің сюжет идеясы және есімдері ғана қалған. Басқа жағынан алғанда бұл өткір, бүгінгі күнге дейін қазіргі заманның өзекті сатирасы.

Пьесаның соңы режиссёрдың тікелей көрермендерге айтқан сөзімен аяқталады. Николай Губенко «Үш апельсинді» заманауи «жоғары поэзияның» үлгісі деп атады.

«…А зритель спросит не без интереса,

О чём же повествует эта пьеса?

Да всё о том же, зритель, всё о том,

Как доброе сражается со злом…»

Шығарманың дәстүрлі кейіпкерлері жаңаша құрамда ойнады -

Труффальдино- Исказин Айбатыр 3060 ЖМ

Тарталья - Токашов Аян 2021 ЖМ

Үшінші қыз - Севара Мирзатаева 2078 ЖМ

Сильвио -Жаркешов Бекнұр 3056 ЖМ

Панталоне - Алиұлы Сұлтан 4002В ЖМ

Клариче - Жұмаділова Жібек 4006 ЖМ

Леандро –Cапа Абай 2-058 ЖМ

Бригелла - Коробейников Тимур3087 ЖМ

Моргана – Валентина Садыкова 3078 ЖМ

Первая девушка - Куаныш Жұлдыз 4005 ҚДС

Вторая девушка - Айжан Тастубаева  2-008 ЖМ

Смеральдина -Қонысбеков Қайырбек 3056 ЖМ

Челио –Ербұлан Багитжанов 2021 ЖМ

Креонта - Нұрқайдарова Гүлден2011 ЖМ

Пекарка - Қыздарбекова Айгерім 2-023 ЖМ

Священник - Айдар Бабаев  2021 ЖМ

Автор- Мусабаев Ерсайын 4028 ЖМ

Двери - Ольга Мунгалова 2083 ЖМ

Пес -Капезов Темірлан

Көрермендер студент – актёрлардың ойынын өте жақсы қабылдады. Спектакль барысында залда тыныштық орнап, тек көрермендердің сыңғырлаған күлкісі ғана естіліп тұрды. «Пьесаға бара жатқанымда мен комедия аралас ертегіге бара жатырмын деп ойладым. Мен ертегінің әлеуметтік астары осыншалық өткір деп ойлағаным жоқ. Маған өте қатты ұнады. Актёрлардың ойындары тамаша! Балалардың барлығы жарады! Нағыз  актёрлар! Спектакльден дәйексөздер мен ілікпе сөздерді атап өткім келеді! Мәнісін түсінгенде,  нағыз Гогольдық «жас аралас күлкі» екендігін түсінесің» - бұл бізді жаңа қойылымға ынталандыратын,  спекталь туралы пікірлердің бірі.

  Спектакль соңында барлық көрермендер көпке дейін актёрларды сахнадан жібермей, орындарынан тұрып қол шапалақтап, қошемет көрсетті.

  Театр өнері үйірмесінің барлық қатысушылары атынан оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанскийге, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге, KazMSA, «Конферансье» үйірмесіне қолдап, көмек көрсеткендері үшін және біздің көрермендерімізге  жылы қабылдағандары үшін шын жүректен алғыс айтамын!

  Ж.А. Жұмаділова

Театр өнері үйірмесінің жетекшісі


0
7886

пікірлер

пікір қалдыру үшін.