Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Тең ойын

01 Сәуір 2016

Биылғы жылдың ақпан, наурыз айларында  №2 спорт залында шағын футбол бойынша ҚММУ чемпионатының кезекті ойыны болып өтті. Жарысқа 11 студенттік команда қатысты, оның ішінде 10-ы медицина университетінен, сонымен қатар, «Болашақ» ҚУ қонақ командасы болды.

  Турнир жанкүйерлер мен көрермендерді көптеп жинады. Студенттер өз жатақханаларынан шыққан командаларды белсене қолдады, трибунада нағыз спорт мерекесі орын алды!

  Біріншілікке қатысқан барлық командалар ойынның деңгейіне сай болды, чемпионаттың матчы қызықты және тартысты өтті. Бірінші орынның тағдыры соңғы матчқа дейін белгісіз болды. Турнирдің екі көшбасшы командалары  «1- пәтершілер» (капитан Қасым Сәрсенбаев) және «4- пәтершілер» (капитан Шахзод Абдижаббаров)  қарсы тұруы арқылы чемпион анықталды. Өзара 10:10 теңбе - тең нәтижесіне қол жеткізген ойында, «1-пәтершілер» командасы екі ұпаймен алға шығып, турнирдің жеңімпазы атанды.

  «1-пәтершілер» командасы жоғары курстарда оқитын студенттерден құралған. Балалар футболда жоғары нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, сабақтарын да жақсы оқиды. Команданың ең басты ережесі: футболда ойнағың келсе – жақсы бағаларға қол жеткіз!

Футбол бойынша ҚММУ VII Чемпионатының қорытынды кестесі

13.02-27.03.16ж.

  командалар

ойын

жеңіс

тең ойын

жеңіліс

  доптар

ұпайлар

1

1-пәтершілер

  10

  8

  1

  1

125 - 76

  24

2

4-пәтершілер

  10

  7

  1

  2

136 -72

  22

3

2-пәтершілер

  10

  7

  0

  3

137 - 77

  21

4

6-жатақхана

  10

  6

  0

  4

129 –91

  18

5

3-пәтершілер

  10

  6

  0

  4

 105-105

  18

6

3-жатақхана

  10

  5

  0

  5

 96 - 101

  15

7

Әскери  кафедра

  10

  5

  0

  5

 93 – 104

  15

8

1- жатақхана

  10

  4

  0

  6

 97 – 107

  12

9

2-жатақхана

  10

  3

  0

  7

 86 – 109

  9

10

Болашақ

  10

  2

  0

  8

 80 - 163

  6

11

4-жатақхана

  10

  1

  0

  8

 55 – 131

  3

  Жүлдеге ие болған барлық ойыншылар естелік сыйлықтарға ие болды.

Турнирдің қорытындысы бойынша чемпионаттың символдық құрама командасы анықталды:

Үздік қақпашылар: Азатбеков Азиз (4- пәтершілер)және Шора Ерлан(№2- жатақхана)

Үздік қорғаушы: Гинаятов Рахман (3- пәтершілер)

Үздік шабуылшы: Бондарев Андрей (2- пәтершілер)

Үздік ойыншы: Мендыгалиев Ердәулет (1-пәтершілер)

  Сонымен қатар, қатысушыларды ынталандыру үшін қосымша номинациялар енгізілді:

   «Үздік тиімді ойыншы» - Абдижаббаров Шахзод (4- пәтершілер)

  «Үзік техникасы мол ойыншы» -  Әбдіхамитов Ерсін (5-пәтершілер)

  «Турнир жаңалығы» Сейдін Айбар (1- пәтершілер) .

Номинация иегерлері де да бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

ҚММУ спорт клубы


0
8495

пікірлер

пікір қалдыру үшін.