Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар үйіндегі Наурыз

Балалар үйіндегі Наурыз

28 Наурыз 2016

17 наурызда, Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі ҚММУ театр өнері үйірмесінің қатысушыларымен Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйінде концерттік бағдарламаны ұйымдастырып қайтты. Наурыз мерекесінің қарсаңында концерттік бағдарлама қазақ халқының үйлену салт-дәстүріне арналды.

Сюжет бойынша «Қанжығалы» және «Дулат» рулары қазақтарың салты бойынша өздерінің балаларын  атастыру салтын өткізуді шешеді.  Кішкентай көрермендерге «Құда түсу», «Сырға салу», «Сыңсу» және «Беташар» секілді үйлену салттары көрсетілді. Халық дәстүрі бойынша үйлену салты баларды қуантқан мерекелік «Шашумен» аяқталды. Тойдың өзі халықтың салтына байланысты кең жайылған дастарханмен өтті. Балаларға қазақ халқының тарихымен, салтымен және дәстүрімен танысуға мүмкіндік туды.

Театрландырылған қойылымның соңында Токашов Аян (2-021 ЖМ) балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Асық ату» ойыны бойынша тосыннан турнир ұйымдастырып, ойынның терминологиясы мен ережесін түсіндірді. Балалар ойынға белсене қатысты, жеңімпаздар той үстелінен тәтті және дәмді тағамдар сыйлық ретінде ие болды.

Қуаныш Жұлдыз (4-005 ҚДС) «Ақсерек Көксерек» ойынын өткізді, шарт бойынша балалар екі командаға бөлінді және студенттермен бірге ұжымдық нәтижеге жетуді үйренді. Белсенді және қажырлы күресте достық жеңді.

 Алғыс ретінде балалар үйінің тәрбиеленушілері ҚММУ студенттеріне концерттік бағдарламаны ұйымдастырды. Балалар Наурыз мерекесіне арналған тақпақтар оқыды, ән салды,  көңілді «Алдар Көсе» биін бледі және өздерінің қолдан жасаған сыйлықтарын сыйлады. Балалар үйінің тәрбеленушілерінің махаббатмен жасаған қарапайым бұйымдары көзге жас әкелді.

Мәдени бағдарламаның соңында театр өнері үйірмесі  балалармен жылы қоштасты, тағы да келуге уәде берді. 

  Ж.А.Жұмаділова

  Театр өнері үйірмесінің жетекшісі.


0
8440

пікірлер

пікір қалдыру үшін.