Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2016 жылдың ақпан айы, көптілділік клубының үшінші отырысы

2016 жылдың ақпан айы, көптілділік клубының үшінші отырысы

18 Наурыз 2016

Ақпан айының 27 жұлдызында КММУ-нің «Көптілдік клубы» өзінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс 1-2 курс студенттерінің арасында, «Шығыс пен Батыстың мәдени қарама-қайшылығы» атты өзекті мәселеге арналды. Студенттер аталған тақырып бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өз жобаларын ұсынып, жан-жақты талқылады. Отырыс барысында «мәдениет», «өркениет» сөздерінің мағынасы талқыланды. Отырыс қатысушылары ежелгі  шығыс пен батыс мәдениеті, олардың тарихи дамуы, Батыс пен Шығыстың мәдени ерекшеліктері жайлы талқылау жүргізді. Студенттер презентациялардан кейін талқылауға белсенді қатысты. Студенттер отырыс соңында  әр елдің мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын  бағалау қажет деген қорытынды жасады.



0
8291

пікірлер

пікір қалдыру үшін.