Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шылым шегу – денсаулыққа зиян

Шылым шегу – денсаулыққа зиян

15 Наурыз 2016

9 наурызда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім Қарағанды облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып, жергілікті офицер Төлеген Нұртолқынның бастауымен К.С. Станиславский атындағы облыстық драма театрында «Шылым шегу-денсаулыққа зиян» акциясын өткізді.

Акция барысында KazMSA жергілікті комитетінің өкілдері театр көрермендеріне шылым шегудің адам ағзасына тигізетін зияны мен шылым шегуден қорғау тәсілдері көрсетілген ақпараттық парақтарды таратты.
Акция өткізу қала тұрғындары арасында ұнамды пікір тудырды. Іс-шара ұйымдастырушылары және қатысушылары арқасында қарағандылықтар шылым шегудің зияны туралы ақпаратты тікелей білу мүмкіндігіне ие болды.
«Әрбір шылымқұмар өзінің денсаулығын ғана емес, айналасындағы адамдардың да денсаулығына зиян тигізетінін білуі тиіс!» Н. Семашко.
Біздің ұрпақтың болашағы мен денсаулығы біздің қолымызда.
KazMSA пресс-хатшысы

Жетпісбаева Дариға (1-003 ЖМФ)


0
8460

пікірлер

пікір қалдыру үшін.