Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Интерн болу аз – үздік болу керек!

Интерн болу аз – үздік болу керек!

24 Ақпан 2016

Ақпан айының 17 күні «Интернатура» факультетінің деканаты және СӨӨБ комитетінің ұйымдастыруымен 6-7 курс старосталарының жиналысы өткізілді. Интернатура факультетінің  СӨӨБ комитеті оқу секторының басқаруымен 2015-2016 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы жасалды.

Курс

Емтиханға жіберілгендер

Емтихан, орташа балы , %

Сапалық көрсеткіштер

Салыстырмалы көрсеткіштер

Үздік студент саны

 «Жалпы медицина» мамандығы

6

588

88

99,9

100

135

7

571

88

98,7

98,8

50

«Стоматология» мамандығы

6

51

81

85

100

-

Барлық курс бағыттары бойынша үздік студенттер мен  үздік топтар анықталды.  «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 6 курс үздіктері: терапевт интерн Югай Кирилл (GPA 4,0), интерн – ОВП Алексеенко Индира (GPA 4,0), 7 курс хирург интерндер Қапышев Мақсат және Мақсұтбек Арнат (GPA 4,0), «Стоматология» мамандығы бойынша 6 курс – Пазылов Азамат (GPA 3,78).

Үздік топтар:

·  акушер-гинеколог  интерндер: 7-001 және 6-001

·  хирург интерндер:  7-008 және 6-009 («№1 Хирургиялық аурулар» кафедрасы), 7-018 және 6-012 («№2 Хирургиялық аурулар» кафедрасы

·  педиатр интерндер: 7-019 («№1 Балалар аурулары» кафедрасы), 7-024 және  6-015 («№2Балалар аурулары» кафедрасы)

·  терапевт интерндер: 7-038 және 6-019 («№1 Ішкі аурулар» кафедрасы), 7-045 және 6-039 («№2 Ішкі аурулар» кафедрасы), 6-029 («№3 Ішкі аурулар» кафедрасы)

·  «Жалпы дәрігерлік практика» бағыты бойынша - интерндер: 7-078 және 6-045 ( «№1 Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасы), 7-086 және 6-088 («№2 Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасы), 6-096 («№3 Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасы)

·  стоматолог интерндер : 6-002

Ең озат интерндерді құттықтаймыз, ары қарай тағы да өз біліктіліктерін арттыра берсін, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз!

Қортындылай келе, осы көрсеткіштерді ескеретін болсақ, жылдан жылға интерндердің оқу үлгерімі артуда. Әлбетте, жоғары білікті маман иелері болу үшін көп еңбектену керек, талпыну керек, біліктілігімізді арттыру керек. Қандай уақыт болмасын әрқашан да тырысып, ізденіп оқудан жалықпау керек!

Шығыс философы  Сюнь – Цзы айтқандай:

«Оқуды бастаған соң, тоқтамау керек!»

Ал біздің кәсібімізде өмірлік азығымыз - оқуда, сондықтан, ақтық демің қалғанша білім алудан жалықпа....

 Интернатура  факультетінің СӨӨБ комитеті.


0
10127

пікірлер

пікір қалдыру үшін.