Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"ҚММУ АРУЫ ЖӘНЕ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2016" КАСТИНГІ

"ҚММУ АРУЫ ЖӘНЕ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2016" КАСТИНГІ

17 Ақпан 2016

13 ақпанда жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны - 2016» байқауының кастингін өткізді. Қатысуға ниет білдірген студенттердің арасынан 8 жұп таңдалды.  

Бойжеткендер мен бозбалаларды жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Айгүл Унгарбаева, Қарағандының суретке түсіруші Константин Павленко, «Golden Step» би театрының жетекшісі Юрий Фоменко, «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің жетекшісі  Меруерт Косыбаева, театр өнері үйірмесінің жетекшісі Жібек Жумадилова, «Конферансье» үйірмесінің жетекшісі Айжан Курмаева, «ҚММУ жігіт сұлтаны - 2015» Мақсат Сражадинов төрелік етті.

Әділ-қазылар алқасы әдебиет, студенттердің қызығушылықтарын және ғылым туралы әр түрлі сұрақтар қойды! Барлық қатысушылар толқығанына қарамастан лайықты жауаптар берді. Әрбір қатысушы өзі туралы аздап айтты, ал кейбіреулері өз дарындарын көрсетті, ән айтты, өлең оқыды және би биледі!

Әділ-қазылар алқасы өз шешімін шығарды. «ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны - 2016» байқауының құрмет титулына таласатын 8 бозбала және 8 бойжеткеннің нөмірлерін жариялады.  Сонымен, финалға келесі қатысушылар өтті:

1) Жандос Толенды (1-012 ОМ) и Адина Игембекова (1-016 ОМ)

2) Максат Ержанов (1-025 ОМ) и Диана Бекболатова (2-079 ОМ)

3) Олжас Кырыкбаев (1-028 ОМ) и Дана Ералиева (1-023 ОМ)

4) Куаныш Жуатай (1-012 ОМ) и Асель Калтаева (1-016 ОМ)

5) Айдын Тельманов (2-029 ОМ) и Эльза Калимуллина (2-077 ОМ)

6) Нұрғали Ескендір (3-023 ОМ) и Айдана Байгожина (1-001 ОМ)

7) Қуат Мәкенбай (1-001 Фарм) и Айым Утебаева (2-007 Стом)

8) Poddar Jayantee (3-015 ОМ) и Kelwa Himanshu (2-005 ОМ) 

Кастинг аяқталғаннан кейін әділ-қазылар алқасының мүшелері  «ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны - 2016» финалистерімен әңгімелесті, оларға байқау талаптарын және ережелерін түсіндірді.

Байқауға дайындық басталды. Сондықтан қатысушыларға сәттілік, сабыр және жігерлілік тілейміз, ал сіздерді К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында байқауда күтеміз.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
10032

пікірлер

пікір қалдыру үшін.