Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жас Отанға» сайлау.

«Жас Отанға» сайлау.

15 Ақпан 2016

11 ақпанда Қарағанды мемлекеттік медицина университеті жанындағы «Жас Отан» партиясының бөлімшесі жетекшісінің сайлауы өтті. 

«Жас Отан» — бұл «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты. «Жас Отанның» басты мақсаты  – қазақстандық жастардың қызығушылықтарын қорғау, өз мемлекетінің патриоттарын тәрбиелеу. Ұйымның филиалдары әрбір облыста, Астана және Алматы қалаларында, сонымен қатар аймақтық және қалалық деңгейде бөлімшелері бар. Осы жылы Қарағанды қ. жоғары оқу орындарында партия бөлімшелерін ашу туралы шешім қабылданды. 

«Самұрық» студенттік республикасының Президенті Темірлан Саматов сәлемдесу сөзін айтты. Кездесуге жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Айгүл Унгарбаева, бөлім басшысының орынбасары Фахрудин Абджапарович, бөлім маманы Әсел Мамбетова, жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары Динара Оспанова қатысты.  

Жетекші орнына 3 үміткер таласты: Рагимат Гаджиева (4-062 ЖМ), Манас Орын (3-023 ЖМ) және Нұрмахан Жолшыбек (3-015 ЖМ). Үміткерлер жиналғандарға оқу және қоғамдық өмірдегі жетістіктері бар түрлі-түсті таныстыруларын көрсетті. 

Жалпы дауыс беруден кейін университеттегі партия жетекшісі орнына Нұрмахан Жолшыбек сайланды. Жолшвбекке ҚММУ-да «Жас Отан» бөлімшесінің жұмысын жүзеге асыруда сәттілік тілейміз.  

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
9697

пікірлер

пікір қалдыру үшін.