Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар үйіне сапар

Балалар үйіне сапар

30 Желтоқсан 2015

  24 желтоқсанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімімен «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамбілінің белсенділері Пришахтинсктегі «Таңшолпан» балалар үйіндегі тәрбиеленушілері үшін жаңа жылдық бағдарламаны ұйымдастырды.

  Осындай іс-шара жан қалауы және арамыздағы мейірімді және қайырымды адамдардың ата-ананың қамқорынсыз және ілтипатынан тыс қалған балалармен өздерінің махаббаттарымен және жылулықтарымен бөлісуге даяр жандардың жарқын мысалы.

  Мерекелік тақпақтар, жаңа жылдық әндер, көңілді байқаулар және әсерлі хормен жүру – осылардың барлығы балалар үйіндегі тәрбиеленушілер мен ұстаздарды қуантты. 

Концерттік бағдарламаға дәстүрлі ертегінің кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Мыстан кемпір және көңілді сайқымазақтар қатысты. Олар әртүрлі ойындарды ойнатты, балаларды әндетіп айналдыра жүргізді, жұмбақтарды жастырды. Балалар байқауларға қуана қатысты, тақпақтар айтты, ән айтты және биледі, сыйлықтарға ие болды және олардың жүздерінен күлкі кетпеді!

  Концерттік бағдрламаның соңында тәрбиеленушілердің ішінде ең белсенділері арнайы дайындалған тәтті сыйлықтарға ие болды.

  Концерттік бағдарламаға: Сейтмуратова Карина (5-008 ҚДС), Каимова Мереке (5-029 ЖМ),  Беласарова Сандуғаш (4-055 ЖМ), Мукарамова Айсұлу (3-036 ЖМ), Беласаров Нұрберген (4-056 ЖМ), Цыганов Артем (5-095 ЖМ), сонымен қатар ҚарМУ Мұратқызы Жансезім қатысты.

 

Беласаров Нұрберген (4-056 ЖМ)

«Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамбілінінің қатысушысы


0
11355

пікірлер

пікір қалдыру үшін.