Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Зияткерлер чемпионаты

Зияткерлер чемпионаты

24 Желтоқсан 2015

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім "INSIGHT" пікірталас клубымен бірлесе отырып, ҚММУ-де "Не? Қайда? Қашан?" атты зияткерлік сайысының ашық чемпионатын өткізді. Студенттердің басын қосқан аталмыш сайыс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілді.

  Сайысқа  университетімізден 17 топ қатысты, сонымен қатар қала сыртынан сайысқа қызығушылық танытып арнайы келген ойыншылар да болды.

  Сайыс үстінде ойыншыларды Президентіміздің өмірі мен атқарған іс- шаралары туралы көптеген қызықты сұрақтар күтіп тұрды. Сонымен қоса, білгірлер және қонақтар ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

  Қатысушылардың көптігіне қарамастан, өзгелерден оза алға шығып, белсенділік танытқан, құрамында: Ирина Погуляева (7-082 ЖМ),  Қожахметов Бауыржан (7-022 ЖМ), Венера Черникова (7-043 ЖМ), Андрей Черников (7-043 ЖМ), Галия Серикова (7-058 ЖМ) және Светлана Колесниченко (7-026 ЖМ) "Мы не из Бранденбурга" тобы бірінші орынды иеленді.

  Әділ қазылардың бір ауыздан шешімі бойынша сайыстың "Үздік ойыншысы" атағын топ басшысы Андрей Черников (7-043 ЖМ) иеленді.

  ҚММУ-нің бірінші ашық чемпионатының жүргізушісі, "Не? Қайда? Қашан?" Қарағанды білгірлер сайысының төрағасы Алексей Шимановский аталмыш сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне өзінің жоғары бағасын берді.

"Самұрық" Студенттік Парламентінің

ақпарат және байланыс Министрлігінің 

хатшысы - Бақытжан Жаннұр Ғабиденқызы


0
11001

пікірлер

пікір қалдыру үшін.