Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құдайберген Темірғалиевтің монографиясының таныстырылымы

Құдайберген Темірғалиевтің монографиясының таныстырылымы

23 Желтоқсан 2015

22 желтоқсанда ҚММУ ғылыми кеңес залында «Қоғамдық-тарихи трансформация үрдісінде мәдени сәйкестіліктің мәселесі» атты Құдайберген Теміргалиевтің монографиясының қоғамдық таныстырылымы өтті. Ассамблеяның жылына арналған таныстырылым облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобымен ұйымдастырылды.

Философия ғылымдарының кандидаты К.Темірғалиевтің монографиясында Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңдегі қазақстандық қоғамның жағдайының талдау беріліп, заманауи ғаламдық жаһандағы қазақ халқының сәйкестілік іздеулері ұғынылған, бүкілқазақстандық мәдениетті құрастыру жолдары көрсетілген.  

Монографияны талқылауға ғылыми-сараптау тобының мүшелері, Қарағагды қаласы унвиерситеттерінің ғалымдары: философия ғылымдарының докторы А.Ш. Мирзабекова, тарих ғылымдарының кандидаты Т.Д. Омаров, философия ғылымдарының кандидаты Б.Г. Нургман, философия және әлеуметтану магистрлары К.А. Сисенгалиев,  С.А.Никифорова қатысты. Кездесудің модераторы облыстық ҚХА ғылыми-сараптау тобының жетекшісі В.Б. Молотов-Лучанский болды.
Таныстырылым қатысушылары монографияны мемлекеттік мәдениеттік және этносаясатты атқаратын  мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, облыстық ҚХА жұмысында қолдануға ұсыныс жасады.  

0
10961

пікірлер

пікір қалдыру үшін.