Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ қазақ тілі апталығы

ҚММУ қазақ тілі апталығы

21 Желтоқсан 2015

Тәуелсіздік күніне орай, 2015 жылдың  7 желтоқсан және 11 желтоқсан аралағында дәстүрлі түрде кең масштабта өткізілген «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында» апталығы университет оқытушылары мен студенттері, қызметкерлері үшін көптеген жақсы іс-шараларға толы болды.

Аптаның бірінші қызу жұмыс күні университетімізге кірген сәттен бастап керемет көңіл-күй сыйлайтын патриоттық музыка естіліп жатты, домбыра оркестрі күмбірлеген күйімен университет қызметкерлері мен студенттерін қарсы алды. Студенттердің назарына 1-қабаттың холында мемлекеттік тілде жарық көрген оқулықтар мен көркем әдебиет көрмесі ұсынылды. Аптаның бірінші күнінен «Таза тіл!» атты акциясы жарияланып, университет қызметкерлері мен студенттердің кеудесіне тағылатын белгілік эмблемалар таратылды.

Апталық университет ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы ханымға белгілік эмблеманы тапсырудан басталды. Әкімшілік қызметкерлеріне арналған «Көңілді үзіліс» ойыны ұйымдастырылды. Кафедралар арасында өткен «Апталыққа ат салысып жатырсыз ба?» конкурсына сараптау жүргізу үшін оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Вилен Борисовичтің және клиникалық жұмыстары жөніндегі проректор Көшерова Бахыт Нұрғалиқызының төрағалығымен кафедралар араланды. Қазақ тілі апталығына белсенді атсалысып, дайындалғандардың ішінен сараптау комиссиясының шешімі бойынша «Апталыққа ат салысып жатырсыз ба?» атты конкурсында Гран-при иегері ҚММУ «Молекулярлық биология және генетикалық медицина» кафедрасы, І орын «Балалар жұқпалы аурулар» кафедрасы, ІІ орын «Микробиология», ІІІ орын «Аллергология және иммунология» кафедрасына берілді.

Сонымен қатар апталық шеңберінде студенттер мен оқытушылар арасында шығармашылық жұмыс өткізіліп, үздіктер таңдалды.  «Интерндер» сериалының дыбыс әрлеушілері» конкурсында І орынға жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенттері А.С.Кенесова, А.М.Фазыл, А.А.Джетибаева, М.Ж.Сәрсамбек, ІІ орын - жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-курс студенттері А.С.Амирбекова, А.И.Абилова, ІІІ орын - жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенттері М.Д.Кайыркен, Н.Ж.Жолшыбек, Е.Т.Шора, А.Ж.Койшыбаевқа берілді.

Және де оқу процесіндегі туындап жататын өзекті мәселелерді ортаға салып, өзіндік шешім табу үшін студенттер қауымы мен оқытушылар арасында пікірталас туындатқан «Медицина бағытындағы қазақ лингвистикасының өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелі де жоғары дәрежеде өтті.

Бейсенбі күні факультеттер арасында  «Алтын сандық» зияткерлік ойыны аптаның кезекті іс-шарасының жалғасы болды. Еліміздің тарихын, бүгінгісі мен мәдениетін еске түсіріп, ой қозғалттырған бұл сайыс Жалпы медицина және стоматология факультеті командасының  жеңісімен аяқталды.

Жұма «Қазақ тілі-тұғырым» атты мерекелік концертімен қазақ тілі апталығының қорытынды күні болды. Көрермен назарына бір апта бойы өткен  іс-шаралар  видеобейне арқылы көрсетілді.


0
11725

пікірлер

пікір қалдыру үшін.