Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ ректорымен кездесу

ҚММУ ректорымен кездесу

21 Желтоқсан 2015

12 желтоқсан күні "Профилактикалық медицина,биология және фармация" факультетінің белсенді студенттері мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызымен салтанатты кездесуі өтті. Салтанатты кездесу ғылыми кеңес залында өтті.  Ол жерде факультеттің үздік студенттері жиналды: белсенділер, факультеттің ҚССУ жетекшілері, спортсмендер, үйірме мүшелері, оқу үздіктері, олимпиада жүлдегерлері, Президенттік шәкіртақы мен ҚММУ ректорының шәкіртақы иегерлері.

Салтанатты кездесуді ректор Р.С. Досмағамбетова ашып, студенттерді келе жаткан мерекелермен құттықтап, ҚММУ даму перспективасын айтып өтті. Кештің жүргізушілері,  1 - курстың студенттері Заскалько Екатерина және Макенбай Қуат, біздің факультеттің тариxы, бүгіні мен ертеңіне арналған таныстырылыммен таныстырып өтті. Сосын, студенттерді оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор  В.Б. Молотов - Лучанский және "Профилактикалық медицина, биология және фармация" факультетінің деканы В.Н.Приз құттықтады.

Студенттердің атынан СӨӨБК мүшесі Аскербек Лейла, "Самұрық" студенттік республика президенті Саматов Темірлан және факультеттің белсендісі Акимбекова Нургуль алғысын білдірді. Кездесу соңында, Раушан Сұлтанқызы алғыс хаттар мен кездесудегі барлық қатысушылары бейнеленген 2016 жылдың күнтізбелерін табыстады.


Ж.М. Қуаныш 

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

СӨӨБК төрайымы



0
12544

пікірлер

пікір қалдыру үшін.