Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Заманауи биологиялық зерттеулер әдісі бойынша өзекті сұрақтар» тақырыбы бойынша студенттік конференция

«Заманауи биологиялық зерттеулер әдісі бойынша өзекті сұрақтар» тақырыбы бойынша студенттік конференция

18 Желтоқсан 2015


10 желтоқсан 2015 ж. молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасымен бірге пәнаралық «Заманауи биологиялық зерттеулер әдісі бойынша өзекті сұрақтар» тақырыбына «Биологиядағы зертханалық зерттеулер» және «Микробиология» пәндері бойынша, оқу үрдісі аясында студенттік конференция өткізілді. Конференция «Биология» мамандығының 3-курс студенттері үшін СОӨЖ өткізудің бір түрі ретінде ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты оқу үрдісінде пәнді оқытудың сапасын жоғарылату және студенттерді дайындауда пәнаралық байланыстарды тиімді қолдануды құрастыру болып табылады.

Конференцияның бағдарламасында 8 баяндама жасалынды, жұмыс жетекшілері осы топта сабақ жүргізетін доценттер болды. Конференция кезінде биологиядағы зертханалық зерттеулер және микробиологияның өзекті сұрақтары бойынша пәнаралық сұхбаттасу болды. Конференция студенттерге тапсырмаларды шешу кезіндегі пәнаралық байланыстарды қолдана білуді, шығармашылық потенциалды дамытуда, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруда мүмкіндік жасады.


0
11575

пікірлер

пікір қалдыру үшін.