Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балаларға жылулық сыйлаңдар

Балаларға жылулық сыйлаңдар

02 Желтоқсан 2015

21 қарашада Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім университеттің белсенділерімен даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған балалар үйіне кезекті сапарымен барып қайтты.

Іс-шараның дайындығына және өткізуге 2 және 4 курс студенттері атсалысты:  Мирзатаева Севара  (2078 ЖМ), Горковец Анастасия (4067 ЖМ),  Сәрсенбек Мөлдір (3-017 ЖМ), Қаблан Айдана (2-001 Фарм),  Арынғазиева Әсем (2078 ЖМ), Исказин Айбатыр (3060 ОМ) және Сабырова Айнұр (2056 ЖМ). 

Әр балаға жылулық пен ілтипаттың қажет екендігі айқын. Кішкентай балғындар ана алақанының жұмсақтығы мен жылуын және әкенің қамқорлығын сезінуі қажет, әрбір баланың өздерінің қуаныштары мен қайғылары, жақсылықа деген үміттері бар,  үнемі ғажайыпты тосатын өздерінің әлемдері бар. Балалар үйіндегі жеткіншіктерге осылар жетіспейді. Балалар үйіндегі тәрбиешілер тәрбиеленушілерге өздерінің білімдерін жандарын сала үйретеді,  алайда бұл балаларға ата-ана қамқорлығын, толыққанды жанұяның орнын алмастыра алмайды. Сондықтан да балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің өмірлік жағайын жақсартуға және ұйымдастыруға қоғамның атсалысуы маңызды.

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында ҚММУ студенттері балаларға ертегі сыйлауға тырысты. Театр үйірмесінің қатысуымен зұлымдық пен жақсылық туралы өнегелік қойылым көрсетілді, онда кішкентай көрермендердің өздері ертегінің кейіпкерлеріне айналды және біздің әртістерімізге көмектесулері қажет болды.

  Зияткерлік ойындар өткізілді, онда балаларға өздерінің болашақтарымен байланысты, Қазақстанның қартасы және әр ауданының көрікті жерлері білімдерін білуге сұрақтар қойылды.

 

Балалар үйінің тәрбиленушілері география бойынша  білімдерінің жақсы  екендіктерін көрсеттіп шықты және қозғалысты ойындарда белсенді түрде қатысты, епті, тапқыр және зерек екендіктерін көрсетті.

  Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар: кітаптар, рюгзактар және ойыншықтар табыс етілді.

  Балалар концерттік бағдарламаларға өте риза болды және жиірек келіп тұруларын өтінді.

Анастасия Горковец

4067 ЖМ


0
12067

пікірлер

пікір қалдыру үшін.