Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ шет тілдер кафедрасының кәсіби-бағдар беру жұмысы.

ҚММУ шет тілдер кафедрасының кәсіби-бағдар беру жұмысы.

26 Қараша 2015

Заманауи экономикалық және саяси жағдай адамның жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне жоғары талап қоюды қажет етеді. Еңбектің мақсаты мен сипатын нарықтық қатынас түбегейлі өзгертеді, оның қарқындылығы жоғарылайды, шиеленісуішілік күшейеді, жоғары кәсібиліктік, төзімділік және жауапкершілік талап етіледі. Осыған орай, жастар мен оқушылар арасында мақсатты бағытталған кәсіби-бағдар беру жұмысына екрекше көңіл аудара отырып, барлық жүйеде негізгі факторлардың терең біліміне сүйену, тұлғаны кәсіби қалыптастыру ниетін анықтайтын және оны шешу жолдарын жүзеге асыру керек.

Кәсіби-бағдар беру - бұл ғылыми дәлелденген жүйе әлеуметтік-экономикалық, психолого-педагогикалық, медициналық-биологиялық және өндірісті-техникалық шаралар негізінде, жастарға жеке-бағдар беруде көмек көрсету, қабілеттерді дамыту және бейімділіктерін, мамандық таңдауда кәсіби және танымдық қызығушылықтарын анықтау, сондай-ақ, нарық шарттары негізінде қажеттілікті және еңбекке деген даярлықты қалыптастыру. Бұл оқушылармен оқу-тәрбие процесі арқылы, сабақтан тыс және мектептен тыс жүзеге асырылады. Бұндай жұмыс түрі 16.11.15 ж. шет тілдер кафедрасымен Қарағанды қаласының №1 мемлекеттік мекемесінде жүргізілді.

Бұл мекемеде бір он бірінші сынып бар, оның құрамында 27 оқушы бар. Шет тілдер кафедрасының оқытушысы Н.А.Тогандыкова және 508-ОЗ тобының студенттері, бітіруші сыныпқа университеттің қызметі жайлы, факультеттің «Фармация», «Медциналық-профилактилық іс», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаудық сақтау», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары жайлы әңгімеледі. Бүктемелер мен плакаттар таратылды. ҚММУ шет тілдер кафедрасының жоспарында оқушыларды ҚММУ жайлы ақпаратты материалдармен жүйелі түрде қамтамсыз ету, сондай-ақ, болашақ абитуриенттерді студенттік іс-шараларға тарту болды.


0
11546

пікірлер

пікір қалдыру үшін.