Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Өскемендегі турнир

Өскемендегі турнир

24 Қараша 2015

  6-8 қарашада Өскемен қаласында Шығыс - Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, медициналық ЖОО-дар арасында Республикалық пікірталас турнирі болып өтті.

Турнирдің мақсаты: Жастардағы мәселелерді шешу, сонымен қатар әлемдегі пікірталас ағымын дамыту.

  Турнир екі форматта өтті: Американдық парламент (APD) және Линкольн-Дуглас (LD) форматында. Турнирде Қазақстанның барлық қалаларынан командалар қатысты: Алматы, Семей, Өскемен, Астана және Қарағанды.

Біздің облыстан «Намыс» пікірталас клубының қатысушылары, ҚММУ студенттері қатысты: Зарлықова Ұлжан (3-037 ЖМ), Әбдіпатта Айдана (3-040 ЖМ), Ибраев Батыржан (4-014 ЖМ) және Изетов Нұрлыбек  (4-051 ЖМ).

  Ұтымды ойын және жеңіске айрықша жігермен біздің балалар ШҚО Ішкі саясат басқармасының құрметті дипломымен лауреат атанды. Турнирде жеңіске Алматы қаласының пікірталсшылары жетті. Барлық жеңімпаздар қатысқаны үшін грамоталармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  «Намыс» пікірталас клубы ҚММУ ректоры, профессор  Р.С. Досмағамбетоваға, сонымен қатар Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге турнирдің дайындығына көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.

 

«Намыс» пікірталас клубы


0
11478

пікірлер

пікір қалдыру үшін.