Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Құстарға қыс мезгілінде көмектес» экологиялық науқаны

«Құстарға қыс мезгілінде көмектес» экологиялық науқаны

24 Қараша 2015

Қараша айының 12- 14 күндері аралығында KazMSA офицері Мырзалы Тогжанның және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының басшылығымен университет қабырғасында, Қарағанды қаласының орталық саябағында «Құстарға қыс мезгілінде көмектес» атты экологиялық науқан өтті. Шараның мақсаты: құстардың қыста өмір сүру салтын көрсету; қатысушылардың құстарға деген қамқорлық көзқарасын тәрбиелеу; қиын кезеңдерде құстарға көмектесу. Іс-шараның өзі үш кезеңнен тұрады.

   Бірінші  кезең 12 қарашада университет қабырғаында өткізілді. Осы кезеңде қатысушыларға құстардың ерекшеліктері, олардың тамақтануы, әртүрлі ауа-райында орналасатын жерлері туралы слайдтар, бейнероликтер назарға ұсынылды. Екінші кезеңде – қатысушылар топтар бойынша қызықты сұрақтарға жауап беріп, құстар туралы сөзжұмбақтар шешті. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Соңында қатысушылар іс – шара барысында алған білімдерін нығайту үшін өздерінің шығармашылық қабілеттерін (қабырға газетін рәсімдеді) көрсетті.

Үшінші кезең 14 қарашада Қарағанды қаласының  орталық саябағында ұйымдастырылды. Қатысушылар әртүрлі материалдардан жасалған үйшіктерді, оларға арналған жем әкеліп, құстар көп тұрақтайтын жерлерге ілді. Науқан соңында «Ең үздік үйшік» деген атаққа 1-026 топтың студенті Кымбат Пшембаева иеленді. Жеңімпазға «Құстар» атты энциклопедия табысталды.

Күнсұлу Жанбосын

KazMSA – KSMU бас хатшысы


0
11459

пікірлер

пікір қалдыру үшін.