Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Науқан: Өзіңнің қанындағы қанттың мөлшерін өлше.

Науқан: Өзіңнің қанындағы қанттың мөлшерін өлше.

19 Қараша 2015

  13 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні қарсаңында Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім, Ынталы студенттер клубы, ОСӨСҚО мамандарымен бірлесіп «ОӘД» Сауда үйінде «Өзіңнің қанындағы қанттың мөлшерін өлше» ақпараттық науқанын өткізді.

Өтініш білдіргендердің барлығы қандағы қанттың мөлшерін өлшеді және дұрыс тамақтану бойынша мәліметтер алды. Тексерілген, диагностика барысында қандағы глюкозаның мөлшері жоғары болып табылғандарға, дәрігерлер дұрыс тамақтану және қант диабетінің алдын алу бойынша әрқайсысына мәліметтерді ұсынды.

  Науқанға қатысушылар салауатты өмір салтын сақтау және қант диабетінің алдын алу бойынша брошюралар мен буклеттерге ие болды.

Рагимат Гаджиева

Ынталы студенттер клубының жетекшісі


0
11596

пікірлер

пікір қалдыру үшін.