Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды Мемлекеттік медицина университетіндегі қызылшаға қарсы қосымша иммунизация

Қарағанды Мемлекеттік медицина университетіндегі қызылшаға қарсы қосымша иммунизация

23 Қазан 2015

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде қызылшаға қарсы қосымша иммунизация белсенді жүргізілуде.

ҚММУ-де 20.10.2015 жылына вакцинация жасалуы қажет студенттің 95% егілген, қалған 5% бұл уақытша медициналық тоқтатулар болған студенттер және қазіргі уақытта оларды сауықтыруға жұмыс жүргізілуде және де одан әрі егу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасында осы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жастағы адамдарға қызылшаға қарсы қосымша иммунизация науқаны жүргізілуде.

Қызылша – ауа-тамшылы жолмен тарайтын вирусты инфекция. Қызылшалық инфекция көзі – вирусты сыртқы ортаға бөлетін, тек науқас адам. Қызылша өте жұқпалы: оған сезімталдық 100%-ға шамалас. Алдын-алу екпесін алмаған және қызылшамен ауырмаған адамдар өмір бойы қызылшамен ауыру қауіпінде болады, сондықтан ауру кез келген жаста дамуы мүмкін.  

Вакцинация ҚММУ емханасында жүргізілуде, онда егу пункті мен екі егу бригадалары ұйымдастырылған. Терапевт дәрігерлер вакцинация өткізу алдында студенттерді мұқият қарайды, егуді вакцинацияға рұқсаты баржәне 10 жылдан артық еңбек өтілі бар мейірбикелер жасайды. Вакцинациядан кейін студенттермен бөлмеде медицина қызметкерлерімен психолог болады.

Медициналық көмекке жүгіну, иммунизациядан кейінгі жағымсыз көрініс жағдайлары тіркелмеген.


0
12503

пікірлер

пікір қалдыру үшін.