Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Не? Қайда? Қашан?»

«Не? Қайда? Қашан?»

15 Қазан 2015

11 қазанда, «Шахтер» орталық стадионында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубының кезекті отырысы өткізілді.

Жаңбырлы және күзгі салқын ауа райына қарамастан, «INSIGHT» пікірталас клубының қатысушылары қызықты уақиғаны тыс  қалдыруды мүлдем естеріне де алмады.

Кіре берісте барлық қатысушыларды тіркеу үстелдеріне жол сілтеген сыпайы ұйымдастырушылар қарсы алды. Біздің командамыз бірінші нөмірлі үстел және  ойын нөмірін алды.

Турнирге  әрқайсысында 6 қатысушысы бар 30 команда қатысты. Турнирдің үйлестірушісі ойынның ережесін қатысушыларға: үш раундқа  бөлінген 30 сұрақ; жауап беруге – 50 секунд, осында кейін қағаздар жиналып алынған соң дұрыс жауап оқылатындығын қысқаша түсіндіріп өтті.

«INSIGHT» пікірталас клубының командасы білімдерін жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Біздің балаларымыз турнирге алғаш қатысты, барлық білімнің салаларынан шытырман сұрақтарға жаңадан келген «инсайтшылар» бірінен кейін бірін дұрыс жауаптарды ұсынды. ҚММУ балалары бірінші орынға ие болды.

Команда мүшелері: Фисенко Игорь 3056 ЖМФ, команданың капитаны, Сычева Кристина 1-033 ЖМФ, Қасымов Азамат 1-004 Стом, Жұманбаев Санжар 1-033 ЖМФ және Савин Никита 1-037 ЖМФ.

Турнирді ұйымдастырушылар ойынның жеңімпаздарын әдемі кубокпен және әрбір қатысушыларды құрметті дипломдармен марапаттады.

Фисенко Игорь

(3-056 ЖМ)

«INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
12752

пікірлер

пікір қалдыру үшін.