Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тіл – достықтың қанаты

Тіл – достықтың қанаты

08 Қазан 2015

2015 жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілі кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – достықтың қанаты» атты мерекелік кеш өтті. Кеш қонақтары ретінде, медициналық оқыту бөлімінің қызметкерлері, профилактикалық медицина, биология және фармация деканаты тарапынан өкілдері шақырылды. Аталмыш кеш бірінші және екінші курс студенттерінің қатысуымен әзірленді. Шығармашылық басқосу, студенттердің дайындаған танымдық-сазды бағдарламасымен ерекшеленді. Әсем ән мен мың бұралған би де, көркем сөз бен көсем өсиеттері кеш бойы көрерменге келісті көңіл сыйлады.


0
13094

пікірлер

пікір қалдыру үшін.