Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Флешмоб

08 Қазан 2015

2015 жылдың 6 қазан күні Университет Бас корпусының алдында түрлі-түсті жейделер киген жоғары оқу орнының 200-ден астам студенттері қатысқан университет мерейтойына арналған флешмоб өтті.

Флешмобтың бірінші бөлімінде студенттік көркем-өнер үйірмелерінің белсенділері «Қара жорға» («Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблі), «Ча-ча-ча» («Golden Step» би театры), хореографилық сурет («Yes Team» заманауи би тобы, «Этюд» шоу-балеті) билерін орындады.

Екінші бөлімде флешмоб қатысушылары түрлі әсерлі билерді орындап, қорытындысында олар 65 санын құрып тұрды.

Осылай студенттер сүйікті университетін құттықтады.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
13794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.