Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттік белсенділерінің жалпы жиналысы

ҚММУ студенттік белсенділерінің жалпы жиналысы

29 Мамыр 2015

2015 жылдың 25 мамырда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің акт залында студенттердің, топ старосталарының, университет, факультеттер, жатақханалар студенттік өзін-өзі басқару комитеті секторларының жетекшілері және мүшелерінің есептік-сайлау жиналысы өтті. Жиналыста универистет СӨӨБК-нің төрағасы Ж.Рахметов атқарылған жұмыс туралы есеппен сөз сөйледі. Одан әрі СӨӨБК-нің ғылыми сектор жетекшісінің орынбасары А.Алпысбаева және профилактикалық медицина, биология және фармация факультеті СӨӨБК-нің төрағасы Ж.Қуаныш СӨӨБК-нің жұмысын оңды бағалап сөз сөйледі.

Содан соң сөз кезегі СӨӨБК-нің жұмысын оңды бағалап, одан басқа СӨӨБК жаңа белсенділерінің алдында тұрған СӨӨБК жұмысындағы негізгі тұстарын түсіндіріп ҚММУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанскийге берілді.

Барлық сөздерден кейін студенттік белсенділер жиналысының негізгі бөлімі басталып, біз күн тәртібіндегі негізгі бағдарламаға – студенттердің ашық дауыс беру арқылы университет студенттік өзін-өзі басқару комитетін сайлауға келіп жеттік. Сайлауға кандидат ретінде оқуда ғана емес, одан басқа қоғамдық, көркем-өнер және ғылыми жұмыста көзге түскен 9 студент ұсынылды:

1.  Қуаныш Жұлдыз 3-005 ҚДС

2.  Садвакасова Әсел 3-092 ЖМ

3.  Кенесова Алуа 2-038 ЖМ

4.  Сияр Оңғарсын 1-011 ЖМ

5.  Фазыл Агила 2-040 ЖМ

6.  Фисенко Игорь 2-074 ЖМ

7.  Хамзина Айжан 3-065 ЖМ

8.  Джетибаева Айгүл 2-038 ЖМ

9.  Майлыбаев Руслан 2-064 ЖМ

Ашық сайлау кезінде барлық кандидаттар комитетке сайланды. Студенттердің дауыстары келесідей бөлінді: «Қарсы емес» - 597 (99,5%), «Қарсы» - 3 (0,5%), «Қалыс қалғандар » - 0 (0%).

Кейін сайланған СӨӨБК-нің құрамы СӨӨБК-нің жаңа төрағасын сайлады, ол – профилактикалық медицина, биология және фармация факультеті, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті Т.Саматов болды.

Одан басқа комитет университет СӨӨБК-нің секторлары, факультет және жатақханалар СӨӨБК-нің жетекшілерін, сонымен қатар барлық студенттік ұйымдардың, ҚММУ барлық үйірмелері және секцияларының  жұмысын бақылауға тиіс. 

Жиналыс кезінде бүгінгі күні комитет алдында тұрған мәселелердің шешу жолдары және негізгі бағыттары, және кері байланыс арқасында студенттер комитет мүшелері жағынан барлық сұрақтарға жауаптар алды.

Студенттік өзін-өзі басқару комитетінің жаңа мүшелерін құттықтаймыз және оларға денсаулық, оқуда сәттілік және жұмыста сарқылмайтын жігер тілейміз!

Игорь Фисенко

ҚММУ СӨӨБК-нің мүшесі

2-074 ЖМ


0
18679

пікірлер

пікір қалдыру үшін.