Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылыми ынтымақтастық шекарасын кеңейту.

Ғылыми ынтымақтастық шекарасын кеңейту.

29 Мамыр 2015

2015 жылы 26 - 29 сәуір аралағында Сингапурде VIII Халықаралық конгресс ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК АСТМАЛАР, АЛЛЕРГИЯЛАР және СӨА ФОРУМЫ жүргізілді (WORLDASTHMA, ALLERGY & COPDFORUM). Конгресте дүниежүзі бойынша 55 аса мемлекеттерден өкілдер қатысты. Қарағандымемлекеттік медицина университетінен балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі профессор Р.Х. Бейгайдарова қатысты. Конгрестің ғылыми бағдарламасын толық симпозиум, тақырыптық симпозиум, тәжірибелік дәрігердің постерлік сессиясы, жаңа мамандар мектебі енгізілді. Конгрестің бағдарламасына қосымша постерлік баяндаманы талқылау да енгізілді. Жұмыс күндері конгреске қатысушылар дүниежүзінің әр мемлекетінен іскерлік кездесулерге қатысты (workshops) және онда медицинадағы аллергология және иммунореабилитация бойынша маңызды сұрақтар талқыланды, әртүрлі клиникалық сұрақтар мен ғылыми зерттеулер бойынша тәжіриебелерімен алмасты.

Тыңдаушылардың арасында сөзсіз қызығушылықты Аллергия жөніндегі дүниежүзілік ұйымның төрағаларының (WAO) Watter Canonica, Allen Kaplan профессорлары, Аллергия, астма және иммунология (ACAAI) бойынша американдық коллегия мүшелері Kamal Maurice Hanna, Египет Каир университетінің профессорлары, профессор Hasan Huseyn Akkurt Анкарадан келген Пульмонология бойынша институтының өкілінің баяндамалары тудырды. Сателитті отырыстар аясында ұсынылған зерттеулердің нәтижелерін де үлкен қызығушылық танытты. Айырықша есте қалғандары Ruby Pawankar медицина мектебінің профессорлары (Токио), Rudolf Valenta (Австрия), А.М. Курманова (Алматы), Г.Г. Куттыкужанова (Алматы), Ирина Балманова (Москва), Тахира Панаховалардікі (Азербайджан) болды.

Ең қызықты есте қаларлық баяндаманы балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі профессор Р.Х. Бегайдарова «Қазақстанның кейбір аймақтарында ВИЧ-инфицирленген азиялық ұлттар балалары және олардың ішінде HLAB*5701 аллелдерінің таралу жолы» тақырыбы бойынша жасаған ҚММУ зерттеулерінің ынтымақтастығы ұсынған көрсеткіштер конгреске қатысушылардың  қызығушылығын тудырды. Баяндамаға қызығушылық туған себебі азия ұлттары арасында HLA- B*5701 аллелдерін анықтау бойынша зерттеу жүргізілмеген. PREDICT-1 (2008) зерттеу нәтижелері көрсеткендей HLA-B*5701 аллелдерінің болуы нәсіліне қарамастан абаковирге гиперсезімталдықтың даму қаупінің жоғарылығымен байланысты. Р.Х. Бегайдарова баяндаманы талқылау барысында қатысқандардан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

VIII Халықаралық конгреске қатысушылардың баяндамаларының тезисі Дүние- жүзілік  АСТМА  конгресі, АЛЛЕРГИЯ және СӨА ФОРУМЫ"Халықаралық журналында "Аллергология және иммунология", 16 Том №3 басылып шығарылған, 2015 ж. Баяндаманың толық нұсқасы ағылшын тілінде мына журналдарда басылып шығарылады «Allergy, Asthma & Immunophysiology: from genes to clinical management», Web of science Thomson Reutersиндекстеледі.

Конгресс өткізілген күні Қзақстан Республикасының президентін сайлау күнімен сәйкес келді, Қазақстаннан келген қатысушылар – профессор Р.Х. Бегайдарова, Г.Г Құттықожанова және А.М. Құрманова, Н.Т. Балтабеков, Сингапурдегі Қазақстан Республикасының елшілік үйінде президент сайлауына белсенді қатысты.


0
17355

пікірлер

пікір қалдыру үшін.