Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Никотинді дәруменге ауыстыр» акциясы.

«Никотинді дәруменге ауыстыр» акциясы.

27 Мамыр 2015

  20 мамырда, Қазақстан медицина студенттерінің Альянсы және «Салауатты өмір салты» секторы темекі шегудің алдын алуға  арналған «Никотинді дәруменге ауыстыр» акциясын өткізді. Өткізу орынына Гоголь көшесінен теміржол вокзалына дейінгі көше таңдап алынды. ҚММУ студенттері Сияров Оңғарсын (1-011 ЖМ),  Айтжанов Дәулетбай (1-030 ЖМ), Төребеков Асхат (1-045 ЖМ), Төрегелді  Бексұлтан (1-045ЖМ),  Телманов Айдын (1-011ЖМ),Нұрғалиев Жұбаныш (1-005ЖМ), Қали Тамерлан (1-011ЖМ) және Исак Жасұлан (2-001КЛД) шылым шегушілерге никотиннің ағзаға тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді және темекіні дәруменге ауыстыруға ұсыныс білдірді. Адамдар әр қалай қабылдады: біреулері қызығушылықпен тыңдады, темекіні сол мезетте тастады, ал кейбіреулері көңіл де аудармады. Көптеген адамдар өздері қандай акция өткізіліп жатқандығы туралы білу үшін жақын келді, білген соң темекі бұйымдарын дәрумендерге өз еріктерімен ауыстырды.

 

Студенттер арасында темекіні даналап емес қораппен жинаған рекордшылар болды, мысалға Төлебаева Айзада (2-040 ЖМ), Тажим Райхан (2-040 ЖМ) және  Даденова Роза  (2-037 ЖМ). Касенова Альмира (1-083ЖМ) және Қыстаубаева Диана (2-074 ЖМ) СӨС ересектерге ғана емес, оқушылар және балаларға да насихаттады. Бурханова Арайлым (1-011 ЖМ), Кенжегалиева Сабина (1-005ЖМ) және  Молдабаева  Гүлдана (1-005 ЖМ) өтіп бара жатқандарға темекі тартудың зияны туралы үнпарақтарын таратты.

 

Өткізілген акцияның қарағандылықтарға темекі тартудың зияны туралы көбірек білуге және өздерінің денсаулығы туралы қамын ойлауға көмектеседі деген үміттеміз.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге және Қарағанды Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына акцияны өткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.

«Салауатты өмір салты» секторының жетекшісі Қыздарбекова Айгерім (1-030 ЖМ).


0
17785

пікірлер

пікір қалдыру үшін.