Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім бұлағы студенттік өмірде басталады

Білім бұлағы студенттік өмірде басталады

27 Сәуір 2015

21 ғасырдың басында адамзат өркениеті теориялық және практикалық білім алуда үлкен ғылыми жетістіктерге жетті. Бірақ та, бұған қарамастан, жаңа ғасырда адамзаттың алдында жаңа ғылыми кеңістіктер ашылады. Ғылыми прогресстің маңыздығын сезіне отырып, Сіз болашақта үлкен нәтижеге жетіп,  сұранысқа ие кәсіби маман бола аласыз.

Ғылым жолы ғылыми студенттік қоғамнан басталады. Ғылыми идеялардың бірі маңызды зерттеуге айналса, екіншісі жай ғана жоба болып қалады. Дәл осылай, адамда студенттік өмірінде басталған ғылыммен байланысты армандар пайда болады, жаңа ғылыми көзғарастықтар қалыптасады және де жаңа пәндерге деген қызығушылық туындайды. Болашақтағы қызмет пен ғылыми зерттеу жұмысының бастамасы болып саналады.

14-ші және 18-ші сәуір аралығында Мәскеу қаласының Ресей халықтар достығы университетінің қабырғасында «SCIENCE4HELTH 2015» 6-шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтті, оған әр елден 250-ден астам студент қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина универститетінің өкілдері болып  4-курс студенті Кенжебай Әділет пен 2-курс студенті Кимиль Айдан, паталогиялық анатомия және сот медицина кафедрасының үйірме жетекшілері және кафедра меңгерушісі профессор Түсіпбекова Майда Масхапқызының басшылығымен қатысты.

Конференция аясында 5 постерлік сессия, 21 сессиялық тыңдау, олимпиада, мастер-класс өткізілді және  заманауи медицинаның маңызды мәселелері дөнгелек үстел барысында орыс және ағылшын тілде талқыланды.

Біздің студенттеріміз  хирургия, акушерлік  және гинекология секцияларында өз жұмыстарын таныстырды. «Тамыр мальформациялық патомарфологиялық диагностика» атты баяндамасын назар еткен студенттер Кенжебай Әділет пен Айдан Кимиль хирургия секциясында ең үздік бағаға ие болды, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Құрметті студенттер! Жаңа заманда заманға сай жаңа технологиялармен біздің университетте беріліп жатқан мүмкіншіліктерді пайдаланыңыздар. Ғылыми үйірмелердің жұмысы пәннің ғылыми деңгейін арттырып, әдебиетпен жұмыс істеп және әріптестерімен қарым қатынаста болуды үйретеді. Білімге деген талмайтын, жалықпайтын талпыныстарың болса, әрдайым сәттілік болады.

Қарағанды мемлекеттік медицина универститінің ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына, ғылыми жұмыс бойынша проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызына үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіншілік ұсынғаны үшін және бізге ақыл –кеңес айтып көмек бергені үшін  үлкен алғысымызды айтамыз!

Паталогиялық анатомия және сот медицина кафедрасының үйірме жетекшілері, «жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенті Кенжебай Әділет және 2-курс студенті Кимиль Айдан.


0
17780

пікірлер

пікір қалдыру үшін.