Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Шұғыл және кідіріссіз медициналық көмек»

«Шұғыл және кідіріссіз медициналық көмек»

09 Сәуір 2015

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттінің 85 жылдық мерейтойына байланысты ЖОО-ң дипломнан кейінгі білім беру институты Алматы қ. 27-29 наурызда «Шұғыл және кідіріссіз медициналық көмек» атты халықаралық Түрік-Қазақстандық симпозиумын ұйымдастырды.

Симпозиум ҚазҰМУ ректоры А.А. Аканов және Түркиянын Шұғыл медициналық Қауымдастығының Президенті профессор Baṣar Cander-мен ашылды.

Симпозиум бағдарламасында жүрек-өкпе реанимациясы, кардиология, тыныс алу мүшелерінің шұғыл жағдайлары, неврология, ішкі аурулар, жарақаттанулар, токсикология сияқты сессиялары бөліп алынды, олар Түркия тарапынан болсын, қазақстандықтар жағынан болсын маңызды академиялық, ғылыми-зерттеу  баяндамалары оқылды.

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті №1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.Р. Алпысова «Жедел жәрдем жағдайында артериальды гипертанзияның қауымдастырылған асқыныстарымен науқастарды жүргізу сапасының талдауы» атты баяндамасын таныстырды.

Симпозиум достық, өзара түсінушілік, жақын ынтымақтастық атмосферасында өтті, келешекте шүғыл медициналық аймақтағы тәжірибе алмасу 2015 жылдың маусымында кезекті халықаралық симпозиумын Түркия жерінде өткізу мақсаты көзделді

А.Р. Алпысова,

№1 ЖжКМК кафедра меңгерушісі


0
18038

пікірлер

пікір қалдыру үшін.