Көктемгі Ассамблея
Наурыз айының 2-8 жұлдыздары аралығында Түркия Республикасы, Анталия қаласында қазіргі таңдағы ең алып жастар федерациясы болып табылатын Дүниежүзілік Медицина жастары қауымдастығыХалықаралық федерациясының (IFMSA) 64-ші Көктемгі Бас Ассамблеясы(БА) өтті.
Бұл аталып өткен БА-ға әлемнің 110 мемлекетінен мыңнан аса Медицина жастары қатысып ат салысты. Себебі, бұл аталып өткен алып Федерация 1951 жылдан өз бастауын алады және осы таңға дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жастар қанатына айналды. IFMSA құрамына 119 мемлекеттің 126 Медицина жастарының қауымдастығы кіреді. Соның ішінде, біздің еліміздің Қазақстан Медицина жастары қауымдастығы да (KazMSA-Kazakhstan) құрамына кіреді.
Аталынып өткен Ассамблеяға Қазақстанның медициналық және фармацевтикалық бағытта білім беретін бес ЖОО-дан KazMSA-ның 9 мүшесі қатысып, өз белсенділіктерін таныта білді, соның ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен жалпы медицина мамандығының 6 - курс интерні Сақтағанов Жақсыбек қатысты.
Аталмыш іс-шараға қатысуға мүмкіндік берген біздің университетіміздің ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.
Ибраев Батыржан
Қазақстан медицина жастары ассоциациясы
ҚММУ жергілікті комитетінің төрағасы