Бір отбасы- бір шаңырақ астында
6-ақпан күні бастау алған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы бейбітшілік пен келісімнің жалпыхалықтық институтына айналғанын дәлелдеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл Қазақстан Республикасының жаңа тиімді саясатының нәтижесі, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жемісті саяси жобасы.
Этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары Президенттің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауын талдауға қатысады.
Ассамблея жұмыстың жаңа нысандарын дамытуды жалғастыруда. 2015-жылдың 18-наурызында облыстық Ассамблея тарихының тағы бір бетін ашқан жаңа дәстүр пайда болды.
Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясы аптасы, №5 орта мектебінің ресурстық орталығы мен ҚХА облыстық этномәдени бірлестігінің ғылыми-сараптамалық тобымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Бұл дәстүрдің басталуына ресурстық орталық пен облыстық ҚХА арасындағы ынтымақтастық меморандумы негіз болды. Аптаның жемісті өтуі қоғамдық бірлестіктер мен жастар белсенділерінің өзара тығыз әрекеттестігіне бастау береді.