Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Соғыс ардагерлері - Наурыз мерекесінде!

Соғыс ардагерлері - Наурыз мерекесінде!

31 Наурыз 2015

Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Умирбаева Асель Ильтайқызының жетекшілігімен жалпы медицина және стоматология  факультетінің 3-005 тобының студенттері Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығының базасында  Наурыз мерекесі және Ұлы жеңістің 70 – жылдығына арналған мерекелік концерт өткізді. Бұл концертте САМККО базасының директоры - И.М. Ахмадишин, директордың орынбасары – Е.Е. Туленов сонымен қатар ішкі аурулар кафедрасынан келген профессор –оқытушылар құрамы - Р.Е.Бакирова, С.Д.Нурсултанова, Қ.Т. Тусупбекова және  Ж.Ж.Турханова сияқты қадірменді қонақтар болды.

Концерт Тулеев Айдардың орындауындағы «Қазақтай ел қайда» атты патриоттық әнімен басталды. Мерекелік көңіл –күйді «Қаракөз» шығыс билерінің халықтық ансамблі мүшелерінің орындауындағы ұлттық «Қаражорға» биі мен осында отырған қонақтардың да осы биде ат салысып қатысып, билеуі оларды шаттыққа бөлеп, өмірге деген құштарлығын арттыра түсті. Концерт тек әндер мен билерді ғана қамтымай, ұлттық дәстүрлерді көрсететін театралдандырылған қойылымдарына да толы болды. Мысал ретінде, алғашқы қадамын баса бастаған сәбиге арналған дәстүрлердің бірі – «Тұсаукесерді» студенттер өз нақышына келтіріп көрсетті.

Сонымен қатар, жалпы медицина және стоматология  факультетінің 3-062, 3-063, 3-078, 3-066 топтарының студенттері бауырсақ, қымыз, наурыз көже және тағы да басқа ұлттық тағамдарға толы кең дастархан жайды.

Ұлы Отан соғысының ардагер – қонақтары алғашында студенттерді Наурыз мерекесімен құттықтап, кейін олардың соғыс уақытында көрген қиын – қыстау күндері туралы әңгімелері және соғыс кезінде салған әндерін айтып, естеліктерімен бөлісті.

Концерттің музыкалық бөлімі 3005 тобының студенттерінен құралған  хордың орындауындағы «Қазақ елі» әнімен аяқталды. Концерт соңында ардагерлер студенттерге осы концерттік бағдарлама және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстары үшін алғысын білдіріп, өз палаталарына көтеріңкі көңіл – күймен қайтты.

Б.Б. Оразалиев 3-005 гр ОМ


0
18365

пікірлер

пікір қалдыру үшін.