Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Германияда сынақтан өту

Германияда сынақтан өту

30 Наурыз 2015

Практикалық курс ГерманияныңKlinikum Frankfurt (Oder), офтальмология бөлімінде медицина докторы Антьи Юст жетекшілігімен өтті.

Klinikum Frankfurt (Oder) – бұл клиника 1971 жылы Польшамен шекаралас Одердегі Франкфурт қаласында құрылған.Клиникада 30-дан астам әртүрлі бағыттағы бөлімшелер бар: терапевтикалық (онкология/гематология, дің жасушаларының трансплантациясы, гастроэнтерология, пульмонология, нефрология, кардиология, радиотерапия), хирургиялық (жалпы хирургия, торокальдық хирургия, травматология, нейрохирургия, офтальмология, отоларингология), акушерлік-гинекология бөлімдері (гинекология, босандыру бөлімі), үлкендерге және балаларға арналған психиатриялықбөлім, диагностикалық бөлімдер (радиология, эндоскопия, функционалдық диагностика бөлімі), зертханалар. Стационарлық көмектен басқа бұл клиникада амбулаториялық көмек те жасалады.

Бірінші аптада мен «Офтальмология» қабылдау бөлімінде өткіздім, науқастарды қарау ісіне қатыстым, көптеген түрлі зерттеулер бойынша өзіндік жұмыс жасадым: рефрактометрия, тонометрия, биомикроскопия, офтальмоскопия, оптикалық когеренттік томография.  Сонымен қатар көз торы ангиографиясы және лазерлік емдеу жұмыстарына қатыстым.  Стационарда жатқан науқастардың операцияға дейін және одан кейінгі қарауларына қатыстым.

Келесі екі аптаны операциялық блокта өткіздім, ассистент болдым және өзім оперпациялардың кейбір кезеңдерін өздігінен орындадым, мысалы катарактаның факоэмульсификация  ИОЛ имплантациясымен, витреоретиналдық операция, қыли көзді қалыпқа келтіру (гетеротропия және страбизм), блефаропластика (эктропион, халязион, астынға және үстінгі қастағы ісіктерді кесу және т.б.).

Клиникада жылы ахуал орнаған, барлық докторлар жақсы, адамгершілігі мол және ағылшын тілін меңгерген, сондықтан еш қиындық болған жоқ, оқу да жақсы өтті.

Меңгерілген курс өте пайдалы, үйренгенім көп болды, кәсіби және коммуникативтік дағдыларды игердім. Сонымен қатар магистрлік жұмысыма көптеген материалдар жинап, көптеген аурулардың емдеу әдістерін салыстырдым, біздің емдеу тәсілдерді мен неміс әріптестеріміздің емдеу тәсілімен салыстырып талдау жүргіздім.

Осындай мүмкіндік жасағаны үшін, мен біздің шетелдік әріптестеріне алғыс айтқым келеді, мұндай тәжірибелік алмасу кез-келген маманға өте қажет деп есептеймін. Сонымен қатар профессор Ульрих Битцке осы практикалық курсты ұйымдастырғаны, визалық көмек көрсеткені үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Келешекте біздің университетіміз Klinikum Frankfurt (Oder), Германиямен бірге бірлестік жұмыс жүргізетін шығар деп үміттенемін.

Ахмадьярова Ботагоз Сергазиевна, 2 курс магистранты.


0
20086

пікірлер

пікір қалдыру үшін.